Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Адамдар айға көшуі мүмкін

Адамдар айға көшуі мүмкін

Адамдар айға көшуі мүмкін

2015 жылы ресейлік «Луна Глоб», ал 2017 жылы «Луна Ресурс» аппараттарының ұшырылуы жоспарланып отыр. Машиналар Айдың оңтүстік полюсіне қонатын болады. Ғалымдардың айтуынша, жер серігінің осы аймақтарында мұз көлемінің көп бөлігі орналасқан.

Осылайша Айдың төңірегіндегі дүрлігу қайта жанданды. Бұл ғалымдардың ашып жатқан қызықты жаңалықтарымен байланысты. Естеріңізге сала кетелік, осыдан бұрын америкалық ғарыш спутнигіне орналастырылған ЛЭНД құрылғысы Ай бетінен судың белгілерін тапқан болатын.

Қазір көптеген ғарыш агенттіктері Айдың колонизациясы туралы ойлана бастады. Бұндай ниет, әсіресе, жақында Германияда өткен аэроғарыштық көрмеде анық байқалды. Адамзаттың бұл ойлары жер бетіндегі тіршілік иелеріне қауіп төндіріп отырған бүкіләлемдік жылынумен тікелей байланысты.

ва

Ай бетіндегі адамдар. NASA-ның иллюстрсциясы

"Бірінші аппарат 2015 жылы ұшырылады, - деді Лавочкин атындағы ғылыми өндірістік бірлестіктің бас конструкторының орынбасары Максим Мартынов, - бұл демонстрациялық жоба болады. Яғни біз айға қона алатындығымызды, жұмсақ қону технологияларын әлемге көрсететін боламыз. Содан соң 2017 жылы ғылыми құралдарға толы үлкен аппарат ұшыратын боламыз".

Осылайша ғалымдар Ай бетіне адамды қоныстандырудың қамын жасап жатыр. Бірінші қоныстанушылар, әлбетте, автоматтар болады. Сарапшылардың айтуынша, Айда өркениет жасау жұмыстары халықаралық жоба болмақ. Неміс ғалымдарының ресейліктердің жобасына деген қызығушылық танытып үлгергендігін айта кетелік.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: astroinformer.com, gizmod.ru

3262 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 01 қазан 2012, 17:32
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 17:10

Байғұс Жер - Анам, жалғыз емес екенсің... :roll:

+0
01 қазан 2012, 22:44

көшсін аяққа оралмай :lol: десең иаааааа :D

+0
02 қазан 2012, 10:26

Скафандрмен өмір сүреміз ба? :?

+0
22 ақпан 2013, 22:25

не болып кетті мына заман?!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...