- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Бразилиялық ғалым улы...
Бразилиялық ғалым улы бақаны зерттеп жүріп өліп кетті
Әдетте бақалардың уы терісінен бөлініп, жанасқан кезде жағылады. Олар тістеп немесе шашып улаған емес. Ал Corythomantis greening атауға ие болған жаңа табылған улы бақаның түрі ернінің үстіңгі қабатындағы инесінің көмегімен жауын залалсыздандырады екен. Бұл туралы Current Biology ғылыми журналында жарияланды.
Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Гойтаказис орманында зерттеу жұмыстарын жүргізген биолог Карлос Харедке (Carlos Jared) улы бақаның инелері абайсызда тиіп кеткен. Бутантан Институтының ғалымы бес сағат бойы қиналып, жан тәслім етеді. Кейіннен Corythomantis greening бақасының токсині ысылдағыш жыланның уынан екі есе күшті екені белгілі болды .
Жергілікті зерттеу орталығының ғалымдары сол орманда бақаның тағы бір түрін анықтады. Кейіннен зерттеліп, ғылымда Aparasphenodon brunoi атауына ие болған мына бақа ысылдағыш жыланнан 25 есе улы болып шыққан. Кісі өлімінен кейін ғалымдар улы бақаларға мүлде жақындамауға тырысыпты.
Ж. Өрісбай