Орман туралы жеті дерек

Орман туралы жеті дерек

– Ағаштар өсуге пайдалы заттардың көп бөлігін атмосферадан алады. Тек оннан бір бөлігін ғана тамырлары арқылы қабылдайды.

– Әрбір орман ағашы өз тіршілігі барысында бір тонна көмірқышқыл газын қайта өңдейді.

– Есейген ағаш бір жыл көлемінде шамамен 1 шақырым жүріп өткен көліктен шыққан көміртекті өңдеуге шамасы келеді.

– Бір ағаш бір жылда 100 метр куб, басқаша, 120 кг оттегіні тазалап шығарады.

– 100 метр куб оттегі – бір жанұяның бір жылдық дем алуына жететін ауа.

– Орманға келген адамның жүрек соғуы минутына жиырма лүпілге дейін азаяды. Дем алу ақырындай түседі. Жүйке тынышталып, адам өзін жеңіл сезіне бастайды.

– Бір гектар орманның бір сағатта шығарған оттегісін 200 адам бір сағат тұтына алады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: facte.ru

Ж. Өрісбай