- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Күн температурасына төзімді...
Күн температурасына төзімді материал жасалды
Браун университетінің инженерлері гафний, азот пен көмірқышқыл газының дұрыс қоспасын жасау арқылы Күн температурасына төзімді материал жасады. Жаңа материал Цельсий бойынша 4128 градусқа дейін ерімейді.
Жер құрылымына тоқталсақ, сыртқы ядроның температурасы 4000 градусқа (С) жетеді. Жаңа материал бұл температураға еш қиындықсыз төтеп бере алады. Өнімді тәжірибе жүзінде сынау үшін комьютердің көмегімен арнайы жоғары температураға ие виртуалды орта жасалған. Сосын физикалық процесс атомдық құрылымға дейін бөлшектеніп, материалдың шыдамдылық деңгейі анықталған.
Ғалымдардың болжамы бойынша, жаңа материал ыстыққа төзімді дисплей жасауда қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, Күнді жақыннан зерттеу мақсатында ұшырылатын кемені құруда негізгі материал қызметін атқара алады.
Зертеу жұмысының нәтижесі Physical Review B ғылыми журналында жарияланды.
Ж. Өрісбай