Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Жер бетіндегі он ерекше арал

Жер бетіндегі он ерекше арал

Жер бетіндегі он ерекше арал

Әлемде жүздеген, тіпті мыңдаған арал бар, алайда олардың бәрін тым ерекше деуге болмайды. Бүгін назарларыңызға сумен қоршалған ең ерекше, қызықты әрі қорқынышты жер учаскелерін ұсынамыз.

1. Пальма, Дубай


Айрықша әсер беретін осы бір жасанды аралдар шөл далада салынған үсті жабық шаңғы алаңы мен 160 қабатты көк тіреген үйі бар Дубайда орналасқан. Пальмалардың бірі, дәлірек айтсақ, шейх Махумамед бен Рашед Аль Мактуманың арнайы тапсырысы бойынша жасалынған Джумейраның 16 бұтағы бар. Ал әр бұтақтың ұзындығы – 1 шақырым. Аралдың негізгі бөлігінің ұзындығы 5 шақырымды құрайды, ал ауданы – 31 шаршы километр.

Джумейра Пальмасы – Дубайда жасалынған төрт жасанды аралдың бірі: көлемі жағынан Джумейрадан екі есе үлкен Джебель Али Пальмасы да бітуге жақын, бірақ Пальма аралдарының ішіндегі ең алыбы Дейра болмақ. Оның құрылысы 2004 жылы басталды. Ал «Әлем» деп аталған төртінші жоба – құрлық формасында орналасқан 300 арал, өкінішке орай, 2008 жылғы дағдарыстың салдарынан тоқтатылды. 

2. Қуыршақтар аралы, Мексика


Чаки қуыршағы жайлы фильмдердің ең құрығанда біреуін көрген адам қуыршақтардың да қорқынышты болатындығымен келіседі. Әсіресе ағашқа ілулі тұрса. Егер сіз Мехико федералды аймағындағы аудандардың бірінде орналасқан Куыршақтар аралына келетін болсаңыз, сізді дәл осындай көрініс күтіп тұрады.

Осы бір қорқынышты жердің пайда болуы Тим Бертонның сценарийі секілді ерекше: Дон Хулио есімді адам жанұясының қаза тапқанынан соң, аралға қоныс аударған. Бір күні ол жақын жерден суға батып бара жатқан қыздың айқайлаған дауысын естиді – Дон қызды судан шығарып алады, бірақ көмек көрсетуге қанша тырысқанымен, жаңағы қыз көз жұмады. Содан бері Дон Хулио түн сайын қыздың дауысын еститін болған және қорғану үшін ағашқа қуыршақ іле бастапты – осылайша қуыршақтар аралдың назар аударарлық мекеніне айналды. Көптеген адамдардың өздері оған қуыршақ әкеліп бере бастаған. Дон Хулио 2005 жылы 86 жасында көз жұмды және сол уақытта оның қорқынышты «коллекциясында» қуыршақтардың саны мыңға жуық болған.

3. Сокотра, Йемен


Үнді мұхитындағы Йемен мен Сомали жағалаулары жанындағы төбе – Сокотра аралы (Йемен жеріне қарасты) қаншалықты ерекше болғанымен, соншалықты қауіпті. Аралдағы климат өте құрғақ, ал бірегей өсімдіктер – 250 миллион жыл бұрын құрлықтан ажырағандықтың әсері.

Әлемнің ең тұрақсыз аймақтарының бірінде орналасуы болмаса, ауданы 3625 шаршы километрді құрайтын бұл арал эко-туристер үшін таптырмас жер болар еді.

4. Форт Боярд, Франция


Жүзбелі ваннаны еске салатын 200 жылдық қамалдан ерекше саналатын тағы не бар? Әңгіме Францияның батыс жағалауында орналасқан Форт Боярд хақында.

Қамалдың құрылысы XVI ғасырдың 60 жылдары Францияның әскери потенциалын күшейтудің бір бөлігі ретінде ойластырылған, алайда ағылшындардың шабуылы салдарынан жұмыс 1809 жылға дейін созылды.

Шамамен 30 жылдан соң, Луи Филлипптің жарлығы бойынша, қамал қайта тұрғызыла бастады – құрылыс тек 1857 жылға қарай аяқталды: қамал-аралдың соңғы нұсқасы сопақша келді. Оның ені 32, ал биіктігі 20 метр болды. Құрылысқа соңғы кірпішті қалап біткен кезде, Форт Боярд қару технологияларының дамуы салдарынан өзінің әскери маңыздылығын жоғалтты және сол уақыттан бері қамал әскери түрме ретінде қолданылды, кейінірек кинофильмдер мен телебағдарламаларда фон ретінде қолданыла бастады.

5. Титикака көлінің жүзбелі аралдары, Перу


Бұл географиялық тұрғыдан алғанда арал емес, бірақ Перудің ең қызықты назар аударарлық жерлерінің бірі: жергілікті Угу тайпасы оларды Islas Flotantes (тікелей аударғанда «Жүзетін аралдар) деп атайды.

Уру тайпасының көлге не себепті және қашан қоныс аударғаны түсініксіз, бірақ антрапологтардың пайымдауынша, Колумбтың Америкаға келуіне дейін олар Амазонка жағалауынан және қазір Перу деп аталатын аймақтан көшіп келген. Көршілес тайпалармен болған соғыс салдарынан және жер іздеудегі сәтсіздіктерден Уру жүзбелі қалалар тұрғызуды шешкен.

6. Мадагаскар


Мадагаскар – көлемі жағынан Жер бетіндегі ең үлкен аралдардың ішіндегі төртіншісі. Аталған ел - 2009 жылы жойқын көтерілісті бастан кешкен Франция елінің бұрынғы колониясы және әлемдегі ең керемет жерлердің бірі. Осы бір елде өсетін өсімдіктердің шамамен 90 пайызы басқа еш жерде кездеспейді.  

Көтеріліске дейін мыңдаған эко-туристер Мадагаскарға аралдың әдемілігін көру үшін келіп жатты, бірақ, өкінішке орай, саяси күйзеліс пен жергілікті халықтың кедейлігі жабайы табиғатқа айтарлықтай зардап  тигізді, орман ағаштары заңсыз кесілді: хамелеондар мен үлпілдеген лемурлар және бағалы қызыл ағаш халықаралық қара нарықта сұранысқа ие екені мәлім. Табиғи ресурстарды қорғаушылары елде өмір тұрақтанған кезде ұлттық қорықтарды браконьерлер мен орман ағашын заңсыз кесетіндерден қорғауға мүмкіндік болады деп үміттенеді.

7. Алькатрас, АҚШ


АҚШ-тағы Алькатрас аралы Сан-Франциско шығанағындағы кішкене құз. Калифорния зерттеушісі лейтенант Хуан Мануэль де Аяла аталған аралды алғаш рет 1775 жылы тауып, оған Исла де Лос алькатрасес (Бірқазандар аралы) деген ат берген. 1853 жылы АҚШ әскері Сан-Франциско шығанағын қорғау мақсатында аралда қамал тұрғызды, кейде аталған қамал түрме ретінде де қолданылған. Ел тарихында ең атақты түрмесі саналған Алькатраста Аль Капоне, Микки Коэна, секілді көптеген қылмыскерлер қамауда болған. 1963 жылы аралда орналасқан түрме жабылды. 

8. Хасима, Жапония


Нагасакидің оңтүстік-батысынан 15 шақырымдық жерде орналасқан Хасима аралында болып көрмесең де, оны ең ерекше арал деуге болады: бұдан бұрын әлемдегі халықтың ең тығыз орналасқан аймағы саналған. Тығыздығы шаршы километрге 5259 адамды құраған бұл аралда енді ешкім мекендемейді.

Жапондықтар аралдың тау жыныстарында көмір қорының бары анықталған кезде Хасиманы меңгере бастады: Фукахори отбасы бірінші шахтаны тұрғызды және осыдан кейін, 1887 жылы «Мицубиси» корпорациясына 100 мың йенге сатылды. 1959 жылға қарай Хасиманың халық саны максимумға жетті, бірақ 60 жылдары мұнай Жапонияның басты энергетикалық ресурсына айналған кезде аралдың құлдырауы басталды, алайда аралдағы көмір-кен орындары 1974 жылдың 20 сәуіріне дейін жасап келді.

Содан бері аралда ешкім мекендемейді, ал «Мицубиси» өзінің бағдарламасын жапты. Бос ғимараттар аралдың өркендеуінің тілсіз куәгері болвп қала бермек.

9. Повеглия, Италия


Повеглия аралы – елестердің ең көп келетін аймағы болып есептеледі және оның тарихын білу арқылы неге екенін оңай түсінуге болады. Венеция мен Лидо аралының арасындағы венециандық лагунаның оңтүстік бөлігінде орналасқан Повеглияға адамдар 421 жылдан бастап қоныс аудара бастаған, ал 1348 жылы тұрғындар Венецияда оба ауруының таралуынан аралды тастап кетті.

Адам мекендемейтін басқа аралдар секілді Повеглия да ауру құрбандарын айыру үшін қолданылды. Олардың көбі өлімнен соң үлкен алауға жағылған болатын.  

XIX ғасырдың соңында психикалық ауруға шалдыққандарға баспанаға айналған кезде Повеглия одан да қорқынышты жерге айналды: аңыз бойынша аурухана дәрігерлерінің бірі XX ғасырдың 30 жылдары науқастарға адам түсінбейтін тәжірибе жасайтын болған. Оның бір нәтижесі аурухана төбесінде орналасқан қоңыраудан дәрігердің секіріп құлауы.

10. Пасха аралы


Биіктігі үш қабатты үймен тең болатын алып тас статуялардың өз-өздерін шекіп жасамағаны немесе аралға басқа жерден келмегені түсінікті. Қарулары бар болғаны тас, маржан және сүйек қана болған Пасха аралының аборигендері осындай еңбекті қалай жасап шыққан? Бұл сұрақ голландиялық саяхаттаушы Якоб Роггеван аралға Пасха күні (1772 жылдың 5 сәуір) келгеннен бері әлемді мазалап келеді.

XVI ғасыр аралдың ең қатты өркендеген кезі, шамамен осы уақытта аралды бүкіл әлемге танымал еткен алып статуялар қашалған. Ежелгі құрылысшылар бұл статуяларды "моаи" деп атаған, ал олардың тас іргесі "аху" деп аталды: олар Рано-Рараку вулкан кратерлерінен алынған тастан қашалған, орта есеппен алғанда, әрбір тастың биіктігі 4 метрге жетеді, ал салмағы 14 тоннаға дейін барған.

Жалпы Пасха аралында 887 моаи бар, олардың 397-сі кратерде қалды, 92-сі тасымалдау кезінде карьерадан түсіп қалды, тек 288 статуя ғана өздерінің "ахуына" аман-есен жеткен. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: fishki.net, publy.ru

17928 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2013, 14:24
Тегтер: арал, мекен,
Пікірлер
+0
17 қыркүйек 2013, 15:45

тамаша.осындай жерде тұрсаң жынды

+0
17 қыркүйек 2013, 17:01

Қуыршақтар аралы тіртүрлі қорқымышты екен

+0
17 қыркүйек 2013, 17:16

Мада немене? )

+0
17 қыркүйек 2013, 22:30

мммм коркынышты екен ;) ;) ;)

+0
19 қыркүйек 2013, 13:03

Форт Боярд аралы ішіндегі ең ерекшесі екен!

+0
25 қыркүйек 2013, 22:56

Бірікен Араб Әмірліктерінің қалалары да мәдениеті барлық барлық жағынан қасиетті және сәулет өнерін айсаңызшы тіпті керемет Бурдж Халифаны өзі әлемдегі ең биік мұнара болып танылды! Өзім болашақта Бірікен Араб әмірлікетіне бағым келеді ИншАллах

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...