- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Гренландияда мұздықтар ери...
Гренландияда мұздықтар ери бастады
Гренландиядағы мұздықтардың сынуы әдеттегіден жиілеп, мұхитқа сіңе бастады. Егер мұздың құлауы осылай жалғаса берсе, мұхит суының деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы океанолог Эрик Руньо жетекшілік ететін Калифорния университеті мен NASA реактивті қозғалыс зертханасының ғалымдар тобы мәлімдеді.
Зерттеушілер су астында қалқып жүретін мұздардың көлемін анықтау үшін үш жыл бойы Гренландия жағалауында тынымсыз еңбек еткен. Ал зерттеудің сүбелі нәтижесі Geophysical Research Letters атты ғылыми журналда жарияланды.
«Біз үшін суық атмосферада мүхиттың 100 метр тереңдігіне сүңгіп, мұздардың өзгерісін бақылау оңайға соқпады. Мұның бәрі толық зерттелген жұмыстың нәтижесі», - дейді Руньо.
Руньо өзінің Ян Фенти (JPL), Чилан Чай және Юн Кзю (UCI), Крис Темп (Terrasond Ltd) атты әріптестерімен бірге мұхит тереңдігінің тұздығын салыстырып, оның Гренландиядағы мұздардың сынуына әсерінің қаншалықты екенін анықтауға тырысқан.
Полюстердегі мұздардың еруі Жердің табиғи процесіне біршама өзгерістер енгізеді. Айта кетсек, мұхит тұздылығының мөлшері азайса, мұхиттағы ағыстардың жылдамдығы мен бағыттары өзгереді. Нәтижесінде желдің бағыты да ауысады. Одан бөлек, мұхиттағы судың деңгейі көтеріледі. Ал су деңгейі жоғарыласа, Нидерланд, Грекия, Кипр, Самоа, Фиджи, Жапония сынды елдер мен теңіз жағасында орналасқан үлкен портты қалалардың су астына кетуі мүмкін.
Ж. Өрісбай