Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Грекия ғалымдары Македонскийдің қабірін тапқан болуы мүмкін

Грекия ғалымдары Македонскийдің қабірін тапқан болуы мүмкін

Грекия ғалымдары Македонскийдің қабірін тапқан болуы мүмкін

Осы күнге дейін Александр Македонскийдің қай жерде жерленгендігі бүкіл тарих ғылымындағы мамандарының шеше алмай келген жұмбағы болып келді. Әр заманның тарихшылары әр кезде әртүрлі пікірлер айтып жүрді. Алайда атақты қолбасшының мәйітін бүгінге дейін ешкім таба алған жоқ. Ал өз заманында Ұлы Александр Македонский Жерорта теңізінен Үндістанға дейінгі жерді алып жатқан үлкен империяны құрғанын есімізге алсақ, онда ол осы аралықтағы кез-келген жерге жерленуі мүмкін болғандықтан, оның нақты қай жер екендігін дөп басып айту қиын мәселе екені даусыз.

Ежелгі парсы жазуларында Ескендір Вавилонда жерленіп, ал Александрияға тек бос саркофаг (тас табыт) әкелінді делінеді. Шығыс аңыздарында оның денесі Месопотамия жеріне жерленіп, кейін ол адам қаны толытырылған ыдыста еріп кетті деп те айтылады. Ал Александрдың отаны Македонияда оны өзінің серіктестері өлтірді деп есептейді. Осылардың ішіндегі ең танымал болжам патшаның Мысыр елінде жерленгендігі жөнінде болды.  

Ал енді міне жақында грек археологтары жоғарыдағы болжамдардың барлығын жоққа шығарып, Александр Македонскийдің қабірін Грекиядан таптық деп сенсациялық мәлімдеме жасап үлгерді. Мәрмәр тастан жасалынған патшаның жерленуі мүмкін жері ел астанасы Афиныдан солтүстікке қарай 570 шақырым жерде орналасқан екен. 

1

Қабір маңын айнала қоршалған қабырғаның биіктігі үш метр болса, ал оның жалпы периметрі 500 метрді құрайды. Бұл жер елі жоқ далада емес, кезінде үлкен қала болып гүрлеген Амфиполистен табылып отыр. Қазірдің өзінде ғалымдардың анықтағыны – ол жоғары сапалы мәрмәр тастан қол күшімен біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда салынған. Яғни бұл мерзім Александр патшаның өмір сүрген уақытына тұспа-тұс келеді.  

Қабір беті топырақпен жабылып, ол 1912 жылы грек әскерлері тауып алғаннан кейін қалпына келтірілген Амфиполистік Арыстан скульптурасымен безендірілген болып шықты.

Грекиялық ғалымдар қазірдің өзінде табылған қабір атақты қолбасшы Ұлы Александр Македонскийге тиісті дегенді айтып отыр. Ал Грекия мемлекетінің мәдениет министрі болса тым асығыс мәлімдеме жасамай-ақ, егер қабір Александр Македонскийге тиесілі болмай шықса да, онда атақты бір македониялық патша жерленгені күмәнсіз дегенді айтады.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: keeptalkinggreece.com

2269 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 тамыз 2013, 18:30
Пікірлер
+0
27 тамыз 2013, 10:23

Осы түсінбеймін, ол қабірді тапты дейік, сосын оны не істейді, бәрібір қайта апарып жерлейді, соның кімге керегі бар. Бос шығын ғой

+0
27 тамыз 2013, 11:17

Археология, тарих ғылымдары сізге қызықсыз емес ау шамасы :roll:

+0
02 қыркүйек 2013, 20:19

Щыңғысханныңда мәйітін тапса керемет болар еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...