95 жас жұлдыз табылды

95 жас жұлдыз табылды
Фото: ria.ru

Персей шоқжұлдызы тағы да фотоға түсірілді. Суретті Chandra X-ray Observatory телескобы жіберген. Осы фотоның арқасында ғалымдар тағы 95 жас жұлдызды көре алды, - деп жазады Astronomical Journal.

Суретті түсіруге Spitzer Space Telescope және Digitized Sky Survey аппараттары көмектескен.

Айта кетелік, Персей шоқжұлдызы үлкен бесбұрышқа ұқсайтын Возничий шоқжұлдызы маңында орналасқан.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ғалымдардың Плутон ғаламшарының картасын жасағанын айтқан едік. Жерге ең алыс орналасқан ғаламшар картасы NASA ғарыш агенттігінің «Жаңа Көкжиектер» (New Horizons) аппараты түсірген суреттер негізінде жасалған. Жаңа интерактивті карта біз үшін құпияға толы болған ғаламшардың бедері туралы мәлімет береді.

М. Бисембаева