Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / «Кьюриосити» аппаратының дөңгелегі жарамсыз болып қалды

«Кьюриосити» аппаратының дөңгелегі жарамсыз болып қалды

«Кьюриосити» аппаратының дөңгелегі жарамсыз болып қалды

NASA ғарыш агенттігінің Марсты зерттеу үшін ұшырылған аппараты күн сайын қиындықтарға ұшырауда. 2012 жылдан бері ақпарат берумен айналысып жатқан аппарат қызыл ғаламшардың тасты бедеріне жеткен кезде алты дөңгелегінің бірі жарылып қалды.

Қашықтан басқару арқылы зондтың жылдамдығын секундына 4 сантиметрге жеткізе алған NASA инженерлері Марстың тасты ландшафтын ескермеген көрінеді. Әзірге құрастырушылар дөңгелекті жөндей алмайды. Сондықтан, оның моторын өшіріп, бес дөңгелектің көмегімен ең төмен жылдамдықта қозғалуға тырысып жатыр. NASA өкілдерінің айтуынша, аппарат дөңгелектердің үштен екі бөлігі істен шығатын болса да, қозғала алады екен.

«Кьюриосити дөңгелегінің диаметрі 50 сантиметр, ал ені 40 сантиметр. Аппарат ұшырылмас бұрын оның төзімділігі тексерілген. Расында, Марстың бедері әлі де толық зерттелген жоқ», - дейді NASA агенттігінің Пасадендегі (Калифорния, АҚШ) реактивті қозғалыс зертханасының MSL жобасы бойынша жетекшісі Джим Эриксон.

Айта кетсек, «Кьюриосити» аппаратының алдыңғы екі дөңгелегі миссияның басынан зақымдана бастаған екен. Бүгінде инженерлер мен бағдарламашылар басқа дөңгелектердің зақымдануын азайту үшін еңбек етіп жатыр. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.space.com
Қосылған күні: 08 шілде 2015, 18:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.