Марстан шыны қалдығы табылды

Марстан шыны қалдығы табылды
Фото: www.sci-news.com

Браун Университетінің (АҚШ) зерттеуші ғалымдар тобы Марсқа құлаған метеориттің құрамында айнаның қалдығы бар екенін анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, Қызыл ғаламшар мен өзге ғарыш нысанының соқтығысуы әсерінен пайда болған энергия негізінде электролиз құбылысы орын алып, шыны қалдықтары бөлінген. Ғалымдар спутниктен алынған ақпараттарды өңдеу арқылы осындай шешімге келіп отыр. Бұл туралы Science Journal жазып отыр.

«Үлкен шыны қалдықтары Марстағы ең көне кратерлердің бірінде орналасқан. Олар көп жылдар бойы Марс бедерінде жатыр. Бұл Қызыл ғаламшардың атмосферасында шыныдан нысандар көтеруге болатынын айғақтайды», - дейді зерттеу жобасының жетекшілері Кевин Кэннон мен Джек Мастард.

Mars Reconnaissance Orbiter (MRO) ғарыш аппаратының мәлімдеуінше шыны табылған ең үлкен кратер Hargraves деп аталып, тереңдігі 650 шақырымға дейін жетеді екен.

Айта кетсек, Жердегі кратер құлаған орындарда да әдетте органикалық молекулалар, тіпті кейде органикалық материялар табылып жатады. Егер Марста бұрын тіршіліктің болғаны расталса, кратерде қалған органикалық қалдықтар марстық өркениет туралы көптеген мәлімет бере алады. Бұл жобаны Браун Университетінің ғалымдары жалғастырмақ.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы NASA ғарыштық агенттігі Қызыл ғаламшардың бедеріне жаңа аппарат қондыруды жоспарлаған. NASA мамандары қазіргі зерттеу жұмыстарын ескере отырып, жеткізілетін роверді Hargraves кратерінің маңына қондыратын болады. 

Ж. Өрісбай