Қытай ғарышта Күн электр станциясын салады

Қытай ғарышта Күн электр станциясын салады

Бірнеше апта бұрын Жапонияның ғарышта Күн эенергиясын өндіретін электр станциясын салуы туралы хабарлаған болатынбыз. Енді бұл идеяны Қытай елі де еншілеп отыр.

Ғаламторда тараған ресми ақпаратқа құлақ түрсек, Қытайдың ғарыш мамандары жоспарлаған электр станциясы Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) да үлкен болмақ. Айта кетсек, электр станциясы Жер бетінен 36 мың шақырым биіктікте айналатын болады. Ғалымдардың айтуынша, бұл біздің ғаламшардағы энергетикалық дағдарыстың алдын алады.

Тәжірибе жүзінде сынақтан өтетін станция прототибі 2030 жылы Жер орбитасына шығатын болса, оның коммерциялық нұсқасы 2050 жылдан жұмыс істейді. Құрастыру жұмыстарын Қытай Ғылым Академиясының 93 жастағы академигі және Халықаралық ғарыш академиясының мүшесі Ван Сицзи қолға алады. Белгілі Қытай ғалымы ғарыштық технологияға 50 жыл өмірін жұмсаған.

«Экономикалық тұрғыдан ғарыштағы Күн электр станциясы адам баласы үшін әрі арзан, әрі ұтымды болады. Оның Күн панельдері 5-6 мың шаршы шақырымды алмақ», - дейді Сицзи.

Сарапшы мамандардың айтуынша, Қытай ғалымдары жобалаған станция үздіксіз энергия жинақтай алады. Оған ешқандай табиғи құбылыстар кедергі болмайды. Бұл идея 1941 жылы ғылыми-фантастика жанрында жазылған Айзек Азимовтің «Логика» (Reason) әңгімесінен алынған. 

Сурет: wall.alphacoders.com

Ұқсас жазбалар: 

NASA мен Роскосмос бірігіп Марсты бағындырмақ

Кембридж ғалымдары Жерге ұқсас екі ғаламшарды ашты

Марстан азот қалдықтары табылды

NASA астероидқа алты ғарышкерден тұратын экспедиция ұйымдастырады

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді