Марстан азот қалдықтары табылды

Марстан азот қалдықтары табылды

Curiosity аппараты Марс ғаламшарында экожүйенің болғанын дәлелдейтін азот қалдығын тапты. Бұл азоттың нитрат күйіндегі іздерін зерттейтін Sample Analysis at Mars құралының көмегімен жүзеге асырылған. Жаңалық туралы NBС News телеарнасы хабарлады.

Айта кетсек, Жердегі азот циклы бактериялардың көмегімен атмосфералық азотты қалыптастырады. Ал оның нитрат күйіндегісін жануарлар мен өсімдіктер қолданады. Сонымен қатар, азот нитраты амин қышқылының жасалуына да септігін тигізеді.

Curiosity аппараты Ғызыл ғаламшардағы Гейл кратерін бұрғылау кезіндегі эолды қалдықтарына химиялық талдау жасаған. Нәтижеде азот қалдығы алынған.

Марс ғаламшарындағы Гейл кратері

Ғалымдардың айтуынша, 20-250 наномоль көлемінде табылған азот құрамы Гейл кратерінде бұрын марстық экожүйенің болғанын дәлелдейді. Бұл зерттеу нәтижесін өзге ғалымдар да растап отыр. Себебі Жердегі кейбір бактериялар үшін монооксид көміртегі (көптеген тіршілік иесіне у болып табылады) энергия көзі болатынын ескерсек, Қызыл ғаламшардың атмосферасында оның құрылымы бірнеше есеге көп. 

Сурет: www.sampaikini.com

Ұқсас жазбалар: 

Марс ғаламшары туралы қызықты деректер

Жердің тартылыс күші Айдағы кратерлердің пайда болуына себепші

Аптаның үздік фотолары: Ғарыштан түсірілген фотолар

Ғалымдар Күннің қара материясын анықтады

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді