- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Space X компаниясы...
Space X компаниясы Түрікменстанның алғашқы ғарыш аппаратын орбитаға жеткізеді
Француздың Thales Alenia Space компаниясы құрастырған Түрікменстанның алғашқы спутнигі америкалық Space X компаниясының Falcon 9 жобасы аясында ғарышқа жеткізілмек. Америкалық инженер әрі миллиардер Элон Масктің компаниясы біртіндеп қаржы табуға бет бұрған сияқты. TurkmenSat1 спутнигін АҚШ-тағы Канаверал ғарыш айлағынан ағымдағы жылы ұшырылу жоспарланған.
Қазіргі кезде Түрікменстанның ресми тапсырысымен ресейлік «Газпром» компаниясының ғарыштық жүйесі біріккен «Ямал» спутнигін құрастырумен айналысып келеді. Ал аталған елдің TurkmenSat1 (екінші атауы – TurkmenAlem 520E) ұлттық ғарыштық аппараты жоғарыда айтылған «Ямал» спутнигінен тәуелсіз қызмет етпек. TurkmenSat1 Түрікменстан территориясының 52 градус шығыс бойлығындағы геостационарлы орбитамен айналады. Жаңа аппарат ел аумағынан бөлек Еуропа, Азия, тіпті Африка территорияларын да қамтитын болады.
Түрікмендік ғарыш аппараты телевизиялық сигналдан бөлек, радио таралым және ғаламтордың жоғары жылдамдығымен қамтамасыз етпек. Айта кетсек, TurkmenSat1 жобасы Spacebus-4000C2 платформасы негізінде құрастырылды. Ал Түрікменстанның Байланыс Министрлігі мен француздық компанияның арасындағы ортақ келісімге 2011 жылда қол қойылған еді. Бастапқыда спутникті ұшыру 2014 жылдың күзіне жоспарланған болатын. Дегенмен бірнеше техникалық проблемаға байланысты жобаның іске асырылуы 2015 жылға қалдырылды.
Түрікменстанның ұлттық ғарыштық агенттігі алғашқы ғарыш аппаратының орбитаға шыққанынан кейін толығымен басқаруды өзіне алады. Осы межеде елдің облысы болып табылатын Ахал уәлаятында ұшу бағытын басқаруға арналған орталық салынған. TurkmenSat1 аппаратының белсенді қызмет етуі мерзімі 15 жыл деп табылған.
Сурет: www.americaspace.com
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар Күн сәулесінен сұйық жанармай алу жолын тапты
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)
NASA климат өзгерістерін зерттеу үшін жасанды жерсерігін ұшырды
Ғалымдар галактикамыздың жаңа картасын таныстырды
Ж. Өрісбай