Ғалымдар бөгдепланеталықтарды іздестіруде

Ғалымдар бөгдепланеталықтарды іздестіруде

Берклидегі Калифорния университетінің жанындағы SETI зерттеу орталығының мамандары жерден тыс өркениеттермен байланыс орнатуға жаңа әрекерет жасады, деп жазады inform.kz.

Жексенбі күні әлемдік БАҚ-та оның өкілдері адамзат өмірімен салыстыруға болатын ғарыштық нысандарға арнайы электронды байланыс орнатуды көздейтін бағдарлама таяу уақытта түпкілікті бекітілмек, деп хабарлады.

Олардың айтуынша, Жерден 20 жарық жылына дейінгі немесе 190 трлн. шақырым қашықтықтағы іздеу аймағы белгіленді.

«Мен ғарышта көптеген өркениеттер бар екенін жоққа шығармаймын, алайда олардың бірде-бірі сыртқы әлемге өздерінің өмір сүріп жатқаны туралы хабар бермесе, онда ешкім де оларды ешуақытта ести алмайды», - деп мәлімдеді Зерттеу орталығы басшыларының бірі Дэвид Блэк. Ол әзірге Жерден жіберілетін жолдаудың мазмұнын таңдау жүріп жатырғанын айтты. .

1984 жылы құрылған SETI институты табанды, бірақ та әзірге нәтижесіз жерден тыс өркениеттерді іздестіруде. Соңғы 30 жыл бойы оның мамандары радионың және оптикалық телескоптың көмегімен ғарыштан басқа өркениеттерден келіп түсетін дабылдарды табуға тырысуда.  .

Қазір олар өздерінің қызмет саласын кеңейте отырып, ашық ғарышқа біздің  өмір сүріп жатқанымыз туралы сигнал жіберуді бастауға шешім қабылдады.

Дегенмен кейбір ғалымдар мұндай жобаларға қатысты өздерінің қарсылығын білдірді. Мысалға британдық Стивен Хокинг адамзаттың өздерінің өмір сүріп жатқаны туралы сыртқы әлемге хабарлауы «өте қауіпті» деп мәлім етті.

«Егер басқа ғаламшар өкілдері бізге келетін болса, онда Колумб корабльдері жеткеннен кейінгі Американың жергілікті тұрғындарымен болған кеп қайталанады», - деді ол. Хокинг жерден тыс өркениеттер бар екеніне сенімді. Олардың бірқатары жердегілерге қарағанда анағұрлым жоғары технологиялық деңгейде деп санайды ол.  

сурет: 1zoom.ru

Е. Қайрахан