Вертикальді зерттеуші кеме

Вертикальді зерттеуші кеме

Франциялық Жак Ружри атты архитектор ерекше вертикаль кеменің жобасын жасап шықты. Кеменің міндеті теңіз астында зерттеу жұмыстарын жүргізу. 

Кеменің вертикаль болуының себебі мынау. Әдетте су астындағы зерттеу жұмыстарын сүңгуір кемелер жүргізетін. Дегенмен, олардан бөлінетін көпіршкітер, жарық теңіздегі тіршілік иелерін шошытып, үркітеді. Осы себепті ғалымдар ұзақ уақыт бойы су астында тұратын кеме жасап шығаруды мақсат қылып қойған екен. Адам баласының табиғаты сол, су астында неғұрлым үздіксіз уақыт өткізсе жүйке жүйесіне соғұрлым зиян келеді. Осыны ескеріп архитектор кеменің бір бөлігі су бетіне шығып тұратын қылып жобалаған. Осылаша 8 адамнан құралған зерттеуші топ күннің жарығына шығып, дем ала алатын болады. 

о

SeaOrbiter вертикаль кемесі

Қызық бұнымен біткен жоқ. Зерттеуші топтың зерікпеуі үшін кемеде спорт зал, кітапхана, демалу орындары барынша қарастырылған. 

SeaOrbiter деп аталатын кеменің төменгі бөлігі су деңгейінен 30 метр тереңдікте орналасады. Дегенмен қосымша аппараттар арқылы ғалымдар 600 метр тереңдікке дейін барып, су асты фаунасында зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Кеменің құрылысы осы жылы басталады деп күтілуде.

о


Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: inhabitat.com