Жапониялық сәби туылмас бұрын 13 жыл пробиркада жатты

Жапониялық сәби туылмас бұрын 13 жыл пробиркада жатты

Жапон дәрігерлері 13 жыл бойы криокамерада сақталған аналық жасушадан сәби өсіріп шығарды. Бұл туралы Иомиури газеті жазады.

Қазір бақытты ана атанып отырған әйелдің лимфома ауруына шалдыққаны мектеп кезінде белгілі болған. Сондықтан, болашақта ұрпақсыз қалмау үшін қыздың ата-анасы 2001 жылы қыздың екі ұрық жасушасын криогенді камераға сақтауға әкеледі. Қыз 2000 жылдары ауруынан айығады. Ал оның аналық жасушасы 13 жыл бойы сақталып келген.

Қауіпті аурудан айыққан бұрынғы мектеп оқушысы өткен жылы жанұя құрып, сол ұрықтан сәби өсіруге ниет білдіріпті. Бір қызығы, аналық жасушалар толығымен жарамды болып, жас қыз дені сау сәбиді дүниеге алып келеді. Туылған сәби 3 келі тартыпты.

Жасанды ұрпақ дарыту технологиясы қарқындап дамып келеді. Сонда да аналық жасуша арнайы криогенді камерада 10 жылдан артық сақталмайтын еді. Сол себепті бұл нәтижені сәтті деуге болады.

Сурет: ekrasota.com

Ж. Өрісбай