Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / «Өрмекші адамның» құпиясы ашылды

«Өрмекші адамның» құпиясы ашылды

«Өрмекші адамның» құпиясы ашылды

Жуырда ғана youtube-те жарияланған мына видеода америкалықтардың комикс кейіпкерлеріне деген сүйіспеншілігін көре аламыз. Стэнфорд университетінің инженерлері «Өрмекші адамның» құпиясын ашты.

Техникалық мамандарды дайындауда көшбасшылық ететін Стэнфорд университетінің зерттеушілері бірнеше жыл бұрын бастаған қабырғаға өрмелеу жобасын тежірибе жүзінде сынап көрді. Нәтижеде 70 кг салмақты ерікті қатысушы 3,6 метрге шыға алған. Мынадай қабілетке әйгілі Marvel комикстерінен бөлек «Mission: Impossible»фильмінде Том Круз ие болған болатын.

«Өрмекші адам» мен Круздың арнайы мақсатта жасалынған қолғаптарына қарағанда видеодағы еріктінің қолындағы құрылғы техникалық құрылымы жағынан өте күрделі болып келеді. Физикадан белгілі ван дер Ваальс күшін ескерер болсақ, жабысқақ микротүктерді жасау идеясы бауырымен жорғалаушы геккондардан алыныпты. Ғалымдар құрылғының ауыр салмақты көтере алуы үшін полидиметилсилоксан деп аталатын силиконды материалды қолданған. Әзірге синтетикалық қолғаппен тек пластик және айнамен қапталған ғимараттарға өрмелеуге болады.

Жабысқақ қолғаптарды дайындау АҚШ-тың болашаққа бағытталған зерттеу жобалармен айналысатын DARPA агенттігі қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Агенттіктің осыған дейін де ұқсас болған Z-Man жобасы бар болатын. Сонымен қатар, аталған жобаға Кембридждің Дрейпер зертханасы да қатысуда.

Инженерлердің айтуынша, жаңа өнім жетілдірілгеннен кейін тек Жерде ғана емес, заттың салмағы түспейтін орбитада да кеңінен қолданылатын болады.

Сурет: funtory.tw

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 22 қараша 2014, 18:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.