Қазақстанның үздік университеттері

Қазақстанның үздік университеттері

Қазақстандағы үздік унисерситеттер рейтингі жарияланды деп жазады Tengrinews.kz білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз ететін қазақстандық агенттікке сілтеме жасай отырып (НКАОКО). Аталған рейтинг осымен жетінші жыл қатарынан жарияланып отыр.

Осы жылғы рейтинг тізіміне еліміздің 52 ЖОО-ны енген. Көпсалалы университеттердің көшбасшысы болып, өткен жылдың көрсеткішіндегідей, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті атанып отыр. Осы категория бойынша екінші қатардан Елордамыз Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті орын алған. Сосын оңтүстіктегі ең беделді ЖОО-ның бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті орын алады. Техникалық мамандарды дайындау бағытында Қазақ-Британ Техникалық Университеті үздік деп танылса, екінші ретте Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті көшбастап тұр. Сосын, сәйкесінше, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті мен Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті тізімді толықтырды.

Гуманитарлық-экономикалық салада үздік үштікті КИМЭП, Қарағанды Экономикалық Университеті мен Almaty Management University (бұрынғы МАБ) иемденген. Педагогика мамандарын дайындайтын арнайы ЖОО-дары қатарына Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті мен Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты еніп отыр. Ал Медицина Университеттерінің үздіктер тізімін Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті мен Семей қаласындағы Мемлекеттік Медицина Университеті бастап келеді. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.verreal.com

Ж. Өрісбай