Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Талапкер назарына: "Экономика" мамандығы

Талапкер назарына: "Экономика" мамандығы

Талапкер назарына:

Бүгінде экономист болу мәртебелі және пайдалы. Соңғы жылдары бұл мамандық ең танымалды мамандықтар қатарына кіреді, және жақын арада өз позициясын әлсіретпейді. Бұған басты себеп - экономистердің жалақысының жоғары дәрежеде болуына байланысты болса керек.

Көптеген ЖОО-да, олардың негізгі бағытына қарамастан, экономикалық факультет барын байқай аламыз. Соңғы жылдары экономикалық білімнің мамандандыруына үлкен екпін жасалды. Және әрбір жоғары оқу орыны өз саласының экономисттерін дайындауға кірісті.

Бұл маман түлегі  нарықтық экономика, заң және үрдістер туралы теориялық терең білімі бар, қазіргі экономикалық анализ әдістерін, бизнес-жоспар құрылуын, басқаруда тиімді шешімдер қабылдауды, сонымен қатар күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жобаларды басқаруды, экономикалық үдерісті болжауды және оңтайландыруды жоғары дәрежеде меңгерген маман. Экономика және математикалық дайындықтың негіздерін білу, ана тілді, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру, қазіргі жаңа бағыттарға тез үйрену маман иесіне еңбек нарығындағы жаңа өзгерістерге тез икемденуіне ықпал етеді. Жастардың экономикалық білімін арттыруы өз мамандығының кәсіпқой иесі болуын қамтамасыз етеді.

Маман иелерін дайындауда шешілетін мәселелер: 

- Қазіргі нарық экономикасы туралы біліммен қамтамасыз ету, оның дамуының заңдылықтары мен үрдістерін түсіну;

- Экономикалық анализдің қазіргі әдістерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру; 

- Бизнес-жоспар құру, басқаруда тиімді шешімдер қабылдау және күрделілігі әртүрлі жобаларды басқару;

- Экономикалық үдерістерді болжау және оңтайландыру.

Мамандық қызметінің бағыты:

- Экономикалық, стратегиялық, инвестициялық, ғылыми зерттеулердегі құрылымдар, ірі компаниялар мен мекемелер, министрлік және мемлекеттік басқару органдары.

- Экономика компаниялар мен корпорацияларды қаржылық шаруаларымен айналысуға;

- Қорларды жоспарлауға;

- Анализ жасап тұжырымдауға;

- Жобаларға инвестиция жасауға;

- Компанияның экономикалық дамуы туралы мәселелермен айналысуға;

- Есептер жүргізуге;

- Компанияның, облыстың және мемлекеттің экономикалық саясатын құруға;

- Компанияның жоғары экономикалық қызметтеріне араласуға;

- Қазақстандық және әлемдік нарықтағы өзгерістерге болжау жасауға мүмкіндік береді.

Экономика бакалаврының кәсіби қызметі:

Кез келген меншіктегі кәсіпорындарда (фирмаларда), білім беру, зерттеу ұйымдарында және басқа ұйымдарда, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының аясында жүзеге асырылатын функциялаушы нарықтар, қаржы және ақпараттық ағымдар, өндірістік және зерттеу процестері сияқты экономика салаларында талдау, ұйымдастыру (әкімшіліктік) және білім беру (оқыту).

Мамандық бойынша пәндер: Кәсіпорын экономикасы, Табиғатты пайдалану экономикасы, Кәсіпкерлік, Өндірістік сала экономикасы, Өндірісті ұйымдастыру, Халықаралық экономика, Деректерді талдау және экономиканы модельдеу.

Ұқсас жазбалар:

Талапкер назарына: Филология мамандығы туралы

Талапкер назарына: "Екі шет тілі" қандай мамандық?

Талапкер назарына: Инженер деген қандай мамандық?

Талапкер назарына: "Халықаралық қатынастар" мамандығы туралы

Талапкер назарына: "Менеджмент" мамандығы

Талапкер назарына: Химия пәніне қатысты мамандықтар

Талапкер назарына: "Биотехнология мамандығы" туралы

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vk.com

Қосылған күні: 23 шілде 2014, 15:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.