Оригамишілер мүсіндерін қалай жасайды?

Оригамишілер мүсіндерін қалай жасайды?

Оригами – жапон елінің ұлттық өнері. Оригами (жапонша – “күрделі қағаз”) – ежелден келе жатқан қағаздан әр түрлі мүсін жасау өнері. Бұл қолөнер түрі қағаздың алғашқы отаны – Қытай мемлекетінен бастау алады. Алғашқы кезде оригамиге тек жоғарғы мансапты бай-ауқаттылар ғана қол жеткізген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оригами Шығыстан Еуропа мен Америкаға дейін тарала бастады. Оригамидің ең қарапайым түрі шаршы пішінді қағаздан жасалады. Өнердің бұл түрімен шеберлерден бөлек, әуесқой адамдар да айналыса береді.

Оригами үйінің директоры Макото Ямагути: «Оригами авторлары қағаз парақтарына нақыш бере отырып, түрлі элементтермен дизайндық туындылар жасайды. Көптеген оригами шеберлері 20 мен 30 жас аралығындағы жастар. Олардың оригамиге берілгендігі соншалықты үйлерінен шықпай қоғаммен араласуды тоқтатқан», – деп әңгімелейді.

Оригами өнерінің шебер майталмандарының бірі – 22 жасар Сатоси Камия. Шебердің қолымен үлкендігі 120 см болатын техникалық жағынан қиын саналатын таңғажайып айдаһардың келбеті жасалды. Ол оригамимен 17 жасынан бастап айналысып келеді. Оның жеке туындылары тізбегіне T-rex – солтүстік бұғы үлгісі, Бахамут – мифологиялық тіршілік иелері кіреді. Камия өзі: «Мен бұл айдаһарды жасауға қанша уақыт кетіргенім есімде жоқ, бірақ екінші рет жасамасым анық», – деп мұндай туындының жасап шығудың оңай еместігін айтады. Оның өнер туындары  Сан-Диегода, Мингей мұражайында көрсетілімге қойылған.

Оригами өнерінің шебері саналатын Макото Ямагути 1989 жылы Оригами Үйін ашты. Ол жерде оригами шеберлері бір шаңырақта бас қосып, көкейіндегі  ой-пікірлерін талқылап форум ұйымдастырады. Пайда болған жаңа тәсілдерді саралайды. Соның арқасында архитектуралық қиын мүсіндер дүниеге келеді. 1999 жылы Ямагути мен басқа да оригамишілер Жапония Оригами Академиялық Одағын (JOAS) құрды. Одақтың алдына қойған мақсаттары: шетелдердегі оригами өнерімен айналысып жүрген адамдармен байланыс орнату. Жыл сайын «Одақ» әдеттегі халықаралық көрмелерін ұйымдастырады.

Ең алғашқы оригами оқулықтары ретінде 1797 жылы Эдо кезінде (1603-1868) "Хидэн сэмбадзуру ориката" атты кітап шыққан. Кітапта классикалық үлгідегі тырналардың жүздеген диаграммалары мен суреттемелері бар.

Қазіргі уақытта Токиодағы "Ниппон оригами" дейтін ассоциацияда 30 елден 10 мыңға жуық мүше бар. Олар: Белгия, Ұлыбритания, Колумбия, Египет, Кения, Ресей және АҚШ мемелекеттерінен.

Мамандар ассоциациясында инженер, ғалым, математиктерден тұратын жасақ құрылды. Технологияны жақсарту мақсатында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, математикалық дәлдіктерді есептейді.

Оригамидің техникалық үлгілерін дизайндық өнеркәсіпте кеңінен қолдануда.

Үздік туындылар:

 

"Кавасаки Розасы"



Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.loveorigami.info,the-human-wolf.deviantart.com

Н. Нұрмаханұлы