Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Адам туралы және тағы басқа қызықты фактілер

Адам туралы және тағы басқа қызықты фактілер

Адам туралы және тағы басқа қызықты фактілер

Бүгін назарларыңызға адам туралы және басқа да қызықты фактілер ұсынамыз. 

- Амбидекстр - екі қолымен де бірдей игере алатын адамдар. Жер бетіндегі барлық адамдардың тек 1 пайызы ғана осындай қабілетімен мақтана алады.

- Американдық салық кодексі 7 000 000 сөзден немесе 50 000 беттен тұрады. Бұл Лев Толстойдың атақты шығармасы "Соғыс пен Бейбітшіліктен" 4 есе көп.

- Адам миының сол жарты шары оң жарты шарға қарағанда 186 миллион нейронға (жүйке жасушалары) көбірек.

- Статистика бойынша, солақайлар оңқайларға қарағанда, 9 жыл кем өмір сүреді екен. 

- 12 жасында комедия жанры актері Джон Клиздің бойы 180 сантиметр болған.

- Ғалымдардың зерттеулеріне сенетін болсақ, солақайлар көбіне математикаға, архитектураға икемді келеді. Ал оңқайлар көбіне тілдесуде дарынды.

- Абазиндердің ана тілінде (Кавказ халқының бірі) 65 дауыссыз дыбыс және тек 2 дауысты дыбыс кездеседі. Олар "а" және "ы" дыбыстары.

- Ең алғаш дауысты дыбыстарға әріптерді ойлап тапқан Гректер болып есептеледі. Содан соң, грек әліппесінен басқа халықтардың әліппесі құрастырылған.

- Американдықтар интернеттегі құмар ойынға жылына 6 000 000 000 доллар жұмсайды.

- Отырып жұмыс істейтін адамдар сағатына 100 калорий жұмсайды.

- Ересек адамның денесіндегі жүйке тамырларының ұзындығы 74 километрге жетеді.

- Әлемдегі ең үлкен зират Иракта орналасқан - Wadi-us-Salaam. Бұл жерге 5 миллионнан астам адам жерленген.

- 14 жасар Бобби Фишер 1958 жылы ең жас гроссмейстер атанған.

- Вольфганг Моцарт 4 жасында музыкалық туындыны жарты сағат ішінде жаттап ала алған.

- Вундеркинд Вильям Сидис 1909 жылы 11 жаста болған кезде, Гарвард университетіне оқуға түскен. 

- Уинстон Черчилль Нобель сыйлығын бейбітшілік үшін емес, өзінің әдеби еңбектері үшін алды.

- Математика саласы бойынша ешкім Нобель сыйлығын алмаған. Себебі мұндай номинация жоқ.

- Бүгінгі уақытқа дейін бірде-бір әйел экономика саласы бойынша Нобель сыйлығын алмаған.

- “Madeleine” - әлемдегі ең қымбат шоколад. Оны Коннектикут штатындағы Фриц Книпшилдт атты аспазшы жасап шығарған.

- Әлемдегі ең алғаш кесек шоколадты 1842 жылы Ағылшын шоколад фабрикасы Cadbury шығарған.

- Атақты мафиоз Аль Капоне адам өлтіргені немесе басқа да ауыр қылмыс жасағаны үшін емес, салық төлемегені үшін абақтыға қамалды.

Сурет: 1001facts.info

16868 13
Рейтинг: +4

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 29 сәуір 2012, 11:15
Пікірлер
+0
29 сәуір 2012, 12:05

"6.000.000.000 доллар" бұл ақшаны ойынға жұмсағанша, Африкадағы аштан өліп жатқан адамдарға немесе қымбат операция жасату керек аурауларға жинап берсе ғой :( :roll:

+0
29 сәуір 2012, 15:22

ну

+0
29 сәуір 2012, 12:08

"Ересек адамның денесіндегі жүйке тамырларының ұзындығы 74 километрге жетеді." :o :shock: :roll:

+0
29 сәуір 2012, 14:23

амбидекс! ))) ондай болган да жаксы ау

+0
30 сәуір 2012, 09:55

неге солақайлар 9 жыл кем өмір сүреді??? не үшін?

+0
30 сәуір 2012, 22:15

:) мына жазбаны оқи отырып, өзімнің "амбидекстр" екендігімді айтқым келеді. Мүмкін, сенбейтін боларсыз, бірақ тура сол амбидекстр дегеніңіз маған сәйкес келеді.Дуниеге келгенімде солақай болып туылғанмын. Мектепке барар шақта, ата-анам көршісіне зиян келтірер деп, мені оң қолмен жазуға үйретті. Қазір екі қолыммен де еркін жаза беремін. Өзім түсінбейтін тағы бір жайт, сол қолыммен көбіне оңнан солға қарай, оған қоса әріптерді теріс қаратып жаза беремін, ол мен үшін түк қиын емес. )))

+0
30 сәуір 2012, 22:35

Мәә, керемет!

+0
01 мамыр 2012, 22:11

Мен сізге сенем де,түсінем де ;)
Өзім сондай болған соң :D

+0
24 мамыр 2012, 09:43

менинше бул материалдар Әлемде талай қызық бар атты кітаптан алынған. мен оқыған сияқтымын. не дегенмен бізбен бөліскенініз өте дұрыс болды. :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...