Өсетін тас

Өсетін тас

Ғылыми-фантастикалық тұрғыда сіз білесіз бе, trovants тасы өздігінен қозғалып, өздігінен өсіп-өнеді. Құдды жат ғаламның жаны бар тіршілігі жат бауыр дүниеге өз аяғымен келген секілді...

Ғылыми фантастикада емес, жат ғалам да қатыссыз. Жансыз бола тұра жаны бардай өздігінен өсетіні демесеңіз, кәдімгі геологиялық құбылыс. Румынияның Костести шағын елді-мекенінен табылып отыр екен...

Trovants сөзі немістің “Sandsteinkonkretionen” терминімен синонимдес, "құмды цементтеу" деген мағынаны білдіреді. 

Тас атауы үшін өзгеше есім, әрине. Қапелімде, trovants  тасы - сейсмикалық белсенділіктің нәтижесінде жердің жоғары қабатында түзілген құмның сфералық формасы. Дәлірек айтсақ, осыдан алты миллион жыл бұрынғы жел сілкінісі нәтижесінде туындаған жер жынысы. 

Trovants тасының өсіп-өнгені де қызық:  су тигенде  кішкене ғана алты-жеті миллиметрлік майда тас алты-тоғыз метрге құлаш ұрған алып тасқа айналады. Тіпті, ең қызығы, кейбірі өздігінен қозғала алатын болып шыққан...

Бір айта кетерлігі, оларда көлемі шағын кезде сфералық сақина көрінеді. Талдардың сақинасы секілді. 

Trovants құм қабатынан тұратын тас ядросынан түзілген. Бұл болжам. Нөсерлеткен жауын соңында майда тастар үлкейіп, солайша олар өсіп-өнеді деп айтылады.

Ғалымдар бұл құбылыстың сырын түсіндіре алмауда. Олардың айтуынша, тас қабатында минералдық тұздардың үлкен құрамы бар. Тастың жоғары қабаты ылғалданғанда, олар құмға өтіп, өсу үшін герметикаға түседі деп сендіреді. Бірақ, бұл да теория.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: forum.hardware.fr

Л. Лига