Ең үлкен теледидар сатылымға шықты

Ең үлкен теледидар сатылымға шықты

Samsung компаниясы ең үлкен теледидарын сатылымға шығарды. Теледидардың экраны 110 дюйм. Ең алғаш ол 2013 жылы CES сауда көрмесінде таныстырылған болатын. Енді бұл теледидарды дүкендерден кездестіре аласыз. Бағасы $150 000 болып белгіленіп, әзірге тек Қытай, жақын маңдағы Шығыс елдері, Еуропа және Оңтүстік Кореяда сатылатын болып шешілді. Алып тауар - 2,6 × 1,8 метр және 4К мүмкіндігімен мақтана алады. Жаңа теледидар 2014 жылы қызу сұранысқа ие болады деп көзделуде. 

Бұған дейін әлемдегі ең үлкен теледидарлардың қатарында Sharp компаниясы ұсынған LC-90LE745U сериялы сұйықкристалды теледидар аталған еді. Ол теледидар 90 дюймды өлшемге ие және 3D стерео технологиясын да көрсете алады. 

Panasonic компаниясы ұсынған Full-HD 3D плазмалық теледидары да әлемдегі ең үлкен теледидарлар қатарына жатады. TH-152UX1W модельді теледидар Лас-Вегастағы Сonsumer Electronics Show сауда көрмесіне қойылған. Оның экраны 152 дюйм.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mirfactov.com

Ш. Талап