- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Әбу Нәсір әл-Фараби...
Әбу Нәсір әл-Фараби адамдарды үш топқа бөлген
Әбу Нәсір әл-Фараби адамдарды үш топқа бөлген екен: ерікті адам, құл адам, ауан адам деп.
* * *
Ерікті адам деп еркін ойлай алатын, ойлаған ойын кез келген жерде, ортада айтып жеткізе алатын адамды айтыпты.
Құл адамға ерік деп не еркі жоқ, өзінше ойлай алмайтын, не ойын тұжырымдап айта алмайтын адамдарды жатқызыпты.
Ауан адам дегені кім не айтса, соған есі ауып, құлай жығылатын ерме, жалтақ адамдар екен.
Рухани өмірдегі күпірліктер мына ретпен келеді: менмендік, ашкөздік, ашушаңдық, қараулық, уайымшылдық, күншілдік, уақытты босқа өлтіру.
Бүгінгі ең үлкен күпірлік - тұрмыстық жағдайы жақсы болуы үшін адам өзгелерді жек көруі, сөйтіп махаббатты сатуы, ал ол адамдағы ізгі сезімді өлтіреді, өзгелердің сезіміне де шабуыл жасайды.
Екінші - өткенге, бүгінге немесе болашаққа өкіну, оқиғаны тездетуге, немесе тоқтатуға тырысу, яғни уақытқа қарсы бағытталған барлық қателік.
Үшіншісі - адамдарды жек көру мен оларға ренжу, адамға деген дөрекі қатынас.
Төртінші - тірі және өлі объектілерге ғайбат сөз айту.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: aikyn.kz
Л. Лига