Төрткүл дүние қызықтары

Назарларыңызға әлем қызықтары ұсынылады. Бір қарап шығуға кеңес береміз.

Ғалымдардың соңғы зерттеуінде иттің өз иесін (кез келген жағдайда) таппаған жағдайда өзін кінәлі сезінетіндігі анықталды...

Орындықта тігінен отыру арқаға қолайлы болғанмен, зиянды болуы да мүмкін. Дұрысы -  135 градуста қисайып отырған. 

Титиннің химиялық атауы 189 819 таңбадан тұрады. Толық айтып шығу үшін үш сағатқа жуық уақыт кетеді екен.

Алқызыл түс деген табиғатта жоқ түс саналады. Біздің көріп жүргеніміз - ғылыми жұмбақ екен. Себебі, бұл түс қызыл түс пен күлгін түстің үйлесімі болып табылатын көрінеді және бір-біріне шағылысу арқылы біздің миға "алқызыл" болып жететін көрінеді.

Мысықтар – өз ырықтарымен үй жағдайына бейімделген және "өз еріктерімен" адамдар ортасында өмір сүріп жатқан жалғыз ғана жануар.

70 мың жыл бұрын адамзат құрғақшылықтан қырылып қала жаздаған. Сол тұста Жер бетінде бар-жоғы екі мың адам ғана аман қалыпты... 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/hFyv6t3OS3c","width":"450","height":"338"});

Үрейлі фильмдердегі қорқыныш тудыратын музыкалар “вотерфон” деп аталатын аспаптың көмегімен шығарылады.

Норвегия мұнайдан түскен қаржы жинақталған әлемдегі ең ірі тәуелсіз қорға иелік етеді – триллион доллар.

Исландия қару ұстау көрсеткіші жағынан әлемде бірінші орында тұрған ел. Бірақ, соған қарамастан бұл елде өзге елдермен салыстырғанда қылмыс оқиғалары сирек кездеседі екен... 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vedomosti.ru; kot-rediskin.blogspot.com; interesko.info