Әлемде талай қызық бар...

Назарларыңызға әлем қызықтары ұсынылады. Бір қарап шығуға кеңес етеміз.

Ертеңгісін оянатын сезім мүшелерінің бірі – иіс сезу. 

1954 жылы Үндістанның Бомбей қаласында егеуқұйрық қаптап кетеді. Аса ауыр жағдай орнағаны соншалықты, үкімет салық төлеуде өлі егеуқұйрықтарды қабылдай бастайды. Бір анығы, содан кейін егеуқұйрықтар бірден кеми бастаған. Сөйтсе, қу үндістандықтар егеуқұйрықтарды ұстап алып, базар саудасына шығара бастапты...

Әр жылы туристер әйгілі Рим Треви субұрқағына 1,1 миллион доллар шамасында тиын-тебен тастайды.

Норвегияның мемлекеттік жоғары оқу орындарынан әлемнің кез келген елінен кез келген студент білім ала алады және тегін білім алу қарастырылған. 

Америкада донорлық қан нарықта ашық сатыла бастағынына біршама уақыт болыпты. Жылдық түсімі $4,5 миллиардты қарастырады.

Моңғолияның әскер-теңіз флоты бір ғана жалғыз тіркеу кемесінен тұрады. Онда жұмыс жасайтын жеті адамның біреуі ғана суда жүзе алатын болып шыққан. 

Ыстық құшақ пен жылы тарту сезімі мидың агрессия бөліміне жауап беретін бөлігінен жол тартады. 

Консервіленген темір құтыларда сатылатын қара зәйтүн майы – арнайы қосындылармен (мәселен, темірлі тұз) өндірілген кәдімгі қарапайым жасыл зәйтүндер. Түске бояудың сыры неде десеңіз, тартымды бола түсу үшін жасап шығарған айла екен. 

Швейцарияда кешкі сағат 10-нан соң унитаздың суын ағызуға болмайды – көршілерді мазаламау үшін. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: prikol.me; qz.com; cracked.com