Электронды темекілердің біз білмейтін зиянды тұстары

Электронды темекілердің біз білмейтін зиянды тұстары

Соңғы кезде әлем бойынша темекі шегетіндердің жаман әдеттен арылуына себеп ретінде қарастырылып жүрген немесе тіпті шылым шекпесе де оны жай ермек ретінде қарайтын әуесқойлардың  арасында үлкен сұранысқа ие электронды темекілер өндіруші компаниялар оны қанша жерден зиянсыз деп жарнамалағанымен де, оның адам денсаулығына тигізер залалы әжептәуір екендігі анықталып отыр. Мұндай қорытындыны Францияның «60 миллион тұтынушы» атты журналының авторлары жасады. Жүргізілген сынаққа аталмыш өнімнің ондаған түрі қатысқан. Нәтижесінде олардың барлығында да канцерогенді заттардың үлкен мөлшері шоғырланғандығы белгілі болып отыр.

Мысалы, арнайы тәжірибеден кейін үш жағдайда формалиннің деңгейі кәдімгі темекідегімен бірдей екендігі анықталды. Одан бөлек, электронды темекіде  потенциалды және өте қауіпті канцероген – ацетальдегид және акролеиннің улы молекулаларының мөлшері темекідегіден де асып түскен. Жаңа өнім құрамында улы металлдардың да салмағы бар болып шықты.  

«Электронды темекілер біз ойлағандай зиянсыз емес. Оған ойыншық ретінде қарауға болмайды, ол біздің денсаулығымызға үлкен мөлшерде залалын тигізіп жатыр»,-дейді журналдың бас редакторы Том Лоренсо.

Дегенмен аталған өнімде темекінің құрамындағыдай 400-ге тарта зиянды заттың мөлшері жоқ. Ал өнімді тұрақты түрде қолданатын тұтынушылар болса зерттеу нәтижесіне әрқилы пікір айтып отыр:  

- Егер бұл өнім өз денсаулығыма кері әсерін тигізер болса, бұдан әрі мен оны шекпеймін. Мен міндетті түрде одан бас тартамын.    

- Мен электронды темекінің кәдімгі түріне қарағанда зияны аз деп өзімді іштей жұбатамын. Ал егер онда канцерогендердің мөлшері бар екендігі рас болса да, ол соншалықты қорқынышты деп айта алмаймын. Себебі кәдімгі темекіде оның мөлшері әлдеқайда көбірек.

Мамандар электронды темекілердің адам денсаулығына тигізер зиянынан бөлек, оның қауіпсіздік ережелеріне де сай келмейтінін айтып алаңдаулы. Мысалы, темекіде оның қызуын сақтайтын қорғаныш қабаты мүлдем жоқ.

Ең алғаш 2003 жылы Қытайда жарықа көрген бұл өнім қазіргі кезде әсіресе Францияда үлкен сұранысқа ие. Оны жабық кешендер мен кез-келген қоғамдық жерлерде ешқандай шектеусіз қолдануға рұқсат етілген. Алайда соңғы кезде билік оның қолданысына тиым салу жөніндегі мәселені жиі көтеріп жүр.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: news.mail.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Алакөл суының емдік қасиеті
Алакөл суының емдік қасиеті
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"