"Apple" 3 күнде 9 млн iPhone сатты

"Apple" 3 күнде 9 млн iPhone сатты

Америкалық "Apple" компаниясы небәрі үш күн ішінде жаңа iPhone 5s пен iPhone 5c модельдерін сату бойынша жаңа рекорд қойды. Корпорацияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы бір қысқа мерзім ішінде аталған құрылғылардың 9 миллион данасы сатылған.

Сатылымдағы рекордтан бөлек, "Apple" жаңа бағдарламалық қамсыздандыру бойынша тарихтағы ең жылдам ауысу жасап, iOS 6-дан iOS 7-ге ауысты.

Егер екінші айтылған жетістікке әлемнің көптеген қолданушылары көмектессе, сатылымдағы табысқа АҚШ, Аустралия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Канада, Пуэрто-Рико, Қытай, Сингапур, Франция және Жапония елдерінің азаматтары арқасында жетіп отыр. Айта кетсек, iPhone-ның жаңа нұсқалары әзірге тек осы елдерде ғана қолжетімді болып табылады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM