Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Америка валютасының танылмаған қырлары

Америка валютасының танылмаған қырлары

Америка валютасының танылмаған қырлары

Әлемнің ең әйгілі банкноты жайлы қызықты 12 деректі назарларыңызға ұсынамыз. 

1. Америкалық мәнеттердің қырлары бірден бедерлі бола салмапты. Бастапқыда олар күміс пен алтыннан жасалған екен және мәнеттердің жиектері тегіс болыпты. Бірақ кейбір «данагөйлер» қымбат металды біртіндеп қайрап, пайда болған жоңқадан жаңа бұйымдар жасай бастаған. Ал мәнет қырлары бедерлі болып шығарыла бастаған кезден соң, мәнет жиектерін қайрау дағдысы мүлдем жойылған екен.

2. АҚШ елінде кеңінен таралған банкнот 1 долларлық номинал болып табылады екен. Аталған купюра айналымда әдетте тек он сегіз ай ғана жүреді-міс және сол мерзім аяқталысымен ол қолданысқа жарамсыз болып есептеледі екен.  

3. АҚШ банкноталарындағы «In God We Trust» тіркесі алғаш рет 1864 жылы екі центтік мәнетке енгізіліпті. Ол 1955 жылы бір долларлық купюраға енгізілсе, 1963 жылдан бастап Американың барлық ақша белгісінде пайда бола бастаған. 

4. Революция кезінде қабылданған заңға сәйкес америкалық валютаға тек көз жұмған билеушілердің портреті ғана басылып шығуы тиіс. Бұл монархия кезінде мәнетке тек тірі корольдердің портреттерін ғана соғуымен байланысты. Дей тұрғанмен, бір рет аталған заңға қайшы әрекет жасалыпты. 1926 жылы мемлекеттің тәуелсіздік күніне орай шығарылған мәнетке президент Калвин Кулидждің портреті соғылған.

5. Америкалық мәнетке портреті соғылған тұңғыш әйел – Испания патшайымы Изабелла. Ол 1926 жылы болыпты. Ал мұндай құрметке ие болған бірінші америкалық әйел – Марта Вашингтон. 1886 және 1891 жылдары оның портреті бір долларлық күміс сертификатқа жарияланған.

6. Америка колледждерінің көбісінде айналымда студенттік валюта жүреді екен. Сонымен қатар, әлемге әйгілі Диснейленд ойын-сауық саябағында да көркем «Дисней» долларлары қолданылады.

7. Америкада банкнот құны бір миллион болған купюра жоқ және ол ешқашан болмаған. Тек 100 мыңдық номиналы бар банкноттар бар. Олар тек банк операцияларын жүзеге асыру мақсатында ғана қолданылады.

8. Жүз долларлық купюрада АҚШ президенті портреті емес, осы елдің Конституциясы авторларының бірі және атақты саясаткер Бенджамин Франклин бейнеленген.

9. Республиканың енді құрылған жылдары жалған ақша жасау өлім жазасына тартылумен жазаланды. Бүгінгі таңда көбіне жиырма және жүз долларлық купюраларды жиі қолдан жасайды екен.

10. АҚШ нақыштама және басып шығару бюросы өзінің 150 жылдық мерейтойын атап өткен. Күн сайын ол 696 миллион доллар басып шығарады. Мұндай көлемдегі купюраны өндіруге күніне 18 тонна сия қажет екен. Бояу мен қағаз құрамы Азаматтық соғыс кезіндегі күйде қалған. Аталған ақша сомасының 95 пайызы жарамсыз деп танылған ескі ақшаны алмастыру үшін басып шығарылады.

11. Америка үкіметі соққан бірінші федералды ғимарат 1973 жылы мәнет сарайы болған.

12. Ақша дәлірек айтқанда, үлкен ақша – бұл қарапайым адамдардың армандайтын нәрсесі. Сондықтан да лотереялар осындай танымалдылыққа ие екен. Бірақ статистикаға сенер болсақ, лотореядан қомақты соманы жеңіп алу мүмкіндігі он миллионның бірі ғана екен. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: daypic.ru

2625 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 16 қыркүйек 2013, 17:32
Тегтер: ақша, доллар, қаржы,
Пікірлер
+0
16 қыркүйек 2013, 18:21

Мына мәліметтерді бұрын соңды естімеген екенмін!

+0
17 қыркүйек 2013, 09:39

осы ақшаны дейм да кім ойлап тапты екен? Көп тапсаңда ештемеге жетпейді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...