Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Денесінде 24 адам өмір сүріп жатқан Билли Миллиган

Денесінде 24 адам өмір сүріп жатқан Билли Миллиган

Денесінде 24 адам өмір сүріп жатқан Билли Миллиган

1955 жылы Майами-Бичте дүниеге келген қарапайым жігіт Билли Миллиганның денесінде 24 тұлға өмір сүріп жатыр. Дүниежүзі ғалымдары бұл мәселені осы күнге дейін талқылауда. 

1970 жылдары Билли Огойо, АҚШ елдерінде сотталып, тергеу барысында психикалық ауытқуы табылғандықтан, психиатрлық ауруханаға жатқызылады. Билли Миллиганның ішінде өмір сүріп жатқан 24 тұлғаның 10-ы ғана қоғаммен бірге өмір сүре алады, ал қалғандары адамгершілік ұғымына жат тұлғалар. Ғалымдар мен дәрігерлердің «Билли Миллиган» мемлекетінде өмір сүріп жатқан тұрғындармен танысуы қиындық туғызды.

Бірінші басты тұлға – үнемі өзін өлтіруге талпынатын 26 жастағы Билли. Бойы – 183 сантиметр, салмағы – 86 килограмм. Көздері көк, шаштары талшын (каштан) түстес. Мектепті жарты жолдан тастап кеткен. 16 жасында үйдің шатырынан секірмек болғанында, денесіндегі басқа тұлғалар тоқтатады. Осыдан кейін 6 жыл бойы бой көрсетпейді.

22 жастағы Артур. Білімді, салмақты, ойлау интеллектісі жоғары ағылшын азаматы. Британдық акцентпен сөйлейді. Көп уақытын кітапханада өткізеді. Медицина саласының маманы. Арабша хат танып, мүдірмей оқиды. Миллиганның денесінде жалғыз еместігін түсініп, басқаларды ығыстырып жіберуге талпынады. Отбасының өзге мүшелеріне арналған ережелерді ұйымдастырып отырады. Көзіне көзілдірік тағып жүргенді жақсы көреді. Мұнымен қатар, қай тұлғаның қай жерде көрінгендігі дұрыс екендігін шешіп отырады.

Рейджен Вадасконович. 23 жаста. Өзі югославакиялық жігіт. Ағылшын тілінде славяндық акцентпен сөйлейді. Салмағы – 95 килограмм. Денелі, аяқ-қолдары балғадай, қара шашты, мұртты жігіт. Дальтонизмнен жапа шегетіндіктен, ақ-қара түсті суреттер салады. Карате өнерін өте жақсы меңгерген, мерген. Рейдженнің әлсіз жері – балалар мен әйел заты. Олар қиындыққа түсіп қалған жағдайда барын салып көмектеседі. (Тіпті байларды тонап, ұрлық жасауы мүмкін). Билли түрмеге түскен сайын, тізгінді Рейджен қолға алады.

Томми. 16 жаста. Қашудың шебері. Кез келген құлыпты ашып, электрлік, механикалық құрылғылармен жұмыс жасауды жақсы біледі. Бұлшық еттерін жиырып, темір бұғаудан босай алады. Саксафонда ойнап, пейзаждар салады. Ашушаң әрі көпшілікпен араласа бермейді. Шаштарының түсі ақшыл сары, көздерінің түсі кәріптас секілді.

Денни. 14 жаста. Адамдардан, әсіресе, ер адамдардан қатты қорқады. Тек натюрморт салғанды жақсы көреді. Бала күнінде өгей әкесі жерден көр қазып, көміп қойған екен. Осы оқиғадан кейін ері адамдардан алшақ жүреді. Шаштары иығына түскен, жарқын түсті. Көк түсті көздері бар.

Дэвид. 8 жаста. Барлық тұлғалардың ауыртпалығын бір өзі көтереді. Өте сезімтал, көңілі бос. Айналасындағылардың өзін не себепті кінәлайтындығын түсінбейді. Бойы басқаларға қарағанда, қысқа.

Кристин. 3 жаста. Баспа әріптерімен жаза білетін ағылшындық қыз. Бірақ дұрыс сөйлей алмайды. Көбелектер мен гүлдердің суретін салғанды жақсы көреді. «Отбасының» сүйікті қызы. Шаштары ақшыл сары түсті.

Кристофер. 13 жаста. Кристиннің ағасы. Британдық акцентпен сөйлейді. Бірде үлкендерді тыңдаса, енді бірде сотқар болып кетеді. Гармон аспабында жақсы ойнайды. Шаштарының түсі Кристинмен бірдей, тек кекілі қысқа.

Адалана. 19 жаста. Үй шаруасын жақсы көреді. Бос уақытында өлең жазады. Адаланның шаштары ұзын қара түсті. Қоңыр түсті көздері ауруына байланысты бір орында тұрмайды.

Қалған 13 тұлғаның есімдері құлаққа жағымсыз естілетіндіктен, Артур мен Рейнжер оларға жарыққа шығуға тыйым салған. «Билли Миллиган» мемлекетінде 24 тұлғаның басын біріктіріп тұрған ұстаз тұлға бар. Ол өзін афиндік орталықта емделіп жатқан кезде көрсеткен.

1991 жылы 10 жылдық емдеулуден кейін, Билли Миллиган ақыл-есі дұрыс деп танылып, бостандыққа шығады. Оны физика және математика саласы қызықтырады. 1999 жылы Билли қарым-қатынасты жақсартуға арналған Harsesis с кітабын жазып, түрлі веб-сайттар жасаған. Осы күндері 58 жастағы Билли балалар құқығын қорғау ұйымында жұмыс істейді. Темір тордың ар жағындағыларға білім алуға көмектесіп, жануарларды қорғау мәселесімен де айналысып жүр. Бос уақытында сурет салумен шұғылданады екен. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: factxeber.com

4540 18
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2013, 19:47
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2013, 19:12

Таңғаларлық...

+0
12 қыркүйек 2013, 19:13

Менің денемде 2 адамның өмір сүріп жатқаны анық... :roll:

+0
12 қыркүйек 2013, 20:44

Не дейт?! Мика? :shock:

+0
12 қыркүйек 2013, 21:05

Мика, ты ли это :shock:

+0
12 қыркүйек 2013, 21:35

түсінсем құдай бар

+0
12 қыркүйек 2013, 21:36

Мен бір тәнге бір жан қағидасын ұстанамын :D

+0
12 қыркүйек 2013, 21:55

таң қалып отырмын менде...

+0
12 қыркүйек 2013, 22:03

қ...

+0
12 қыркүйек 2013, 22:51

Китайский мифтер го :o

+0
13 қыркүйек 2013, 09:24

Менің ішімде де үш төртеу бар десен)

+0
13 қыркүйек 2013, 10:21

ішімде бір адамға да орын жоқ, деп қойсам,ә

+0
13 қыркүйек 2013, 10:44

Түсінбедім. Қалай сонда?

+0
13 қыркүйек 2013, 11:16

түк түсінсем бұйырмасын)

+0
13 қыркүйек 2013, 12:11

Осы тақырыпты былтыр психология пәнінде талқылаған едік, шынымен де, таңғалатын дүние...

+0
17 қыркүйек 2013, 17:45

мен түк те түсінбедім қалай біреудін ішінде өмір сүруге болады?????????
олар көзге көрінеме????????
көрінбесе түрінің қандай екенін қалай біледі????? +_+ ;) ;) ;) :(

+0
21 қыркүйек 2013, 16:41

дым түсінбедім бар ғоо :shock: :shock:

+0
30 қыркүйек 2013, 02:18

мынадан кәәдімгідей миым ашып кетті :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...