Аңыз ба, ақиқат па?

Аңыз ба, ақиқат па?

Сіз бен бізге жақсы таныс көптеген деректер аңыздармен астасып жатады. Мыңдаған жылдар бойы үздіксіз айтылып, тарихи оқиғаға айналып үлгерсе де, ақиқатқа үйлеспейтін осындай аңыздардың тізімін назарларыңызға ұсынып көрмекпіз.

1. Ньютонның басына құлаған алма

Алма – өте пайдалы жеміс. Бірақ оның мойнына көптеген жалған жалалар артылып қойған. Соның бірі – алманың атақты Исаак Ньютонның басына құлап, Бүкіләлемдік тартылыс күшінің анықталуына тигізген пайдасы. Әсерлі оқиға болғанымен, бұл – жай ғана әдемі ертегі. Бұл туралы алғаш рет Вольтер өзінің эссесінде айтқан болатын. Және де осы жағдайды Вольтер жарияламастан бұрын айтқан тағы да бір адам бар. Ол – Ньютонның әпкесі Кэтрин Кондуит.

2. Уолт Дисней Микки Маустың сурет салған

Ел аузында танымал мультфильм қаһарманы Микки Маусты Уолт Дисней салған деген әңгіме бар. Бұл да жаңсақ пікір. Асылында, Миккиді диснейлік студияның бас аниматоры Юб Айверский салған болатын. Тағы бір ерекшелігі – аниматор суреттерді асқан жылдамдықта салып шықты. Микки туралы алғашқы фильм екі аптаның ішінде жасалынды. Ол үшін 700 сурет қажет болған. 

3. Мария Антуанетта: "Бәліш жей берсін"

1766 жылы Жан Жак Руссо 25 жыл бұрын орын алған оқиға тура жазады. Мария Антуанетта француздық ауылдарда нан жетіспейтіндігін естіген кезде, бәліш жесін деген ұсыныс айтады. Бұл жердегі басты мәселе – бұл кезде Мария 11 жаста болатын және ол өз Отаны Австрияда тұрды. Бұл "өсекті" таратқан революция насихатшылары болуы мүмкін. Олар осы сөздер арқылы халық пен оның басшысының қаншалықты алыс екендіктерін көрсеткісі келген.

4. «Великое ограбление поезда»  – тұңғыш көркем фильм

Фильмнің 1903 жылы түсірілгендігі рас, бірақ, бұл алғашқы көркем фильм емес. Оның ұзақтығы – бар болғаны 10 минут. Алғашқы ең өнімді фильм – 100 минутқа созылатын аустралиялық «The Story of the Kelly Gang» болды. Ал «Великое ограбление поезда» сынды фильмдер 1890 жылдары жарыққа шығып қойған еді.

5. Ван Гог өзінің құлағын кесіп тастады

Ұлы суретші Ван Гог өзіне қол жұмсамастан бұрын жолдасы Гогенмен сөзге келіп қалады да, сол құлағын кесіп тастайды деген алып-қашпа әңгімелер бар. Оның да ақиқат екенін әлі ешкім дәлелдемеген.

6. Салем қаласында мыстандарды өртеп тастайды

1692 жылы Массачусетс штатындағы Салем қаласында мыстандар қарсы күрес жүргізіледі де, 150 адам ұсталып, 31 адам жазаланды (оның алтауы ер адам). Оның ішінде 20-сы өлім жазасына кесіледі. Осы оқиға туралы әлі күнге дейін нақты деректер жоқ.

7. Наполеонның бойы қысқа болған

Л. Толстой өзінің "Война и мир" шығармасында Наполеон Бонапартты күлкілі әрі өте кішкентай адам ретінде суреттейді. Императордың бойы аласа болғандығымен, мұншалықты күлкілі адам болмағаны ақиқат. Оның бойы шамамен 157 сантиметр болған (5 фут және 2 дюйм). Бұл өлшемді біздің метрикалық өлшемге салсақ, 170 сантиметрді құрайды. Ол өмір сүрген ғасырда бұл қалыпты өлшем болатын, сондықтан оны аласа адамдардың алдыңғы қатарында атай берудің қажеті шамалы.

8. Еркіндіктің Ұлы Хартиясын Король Иоанн жазған

Еркіндіктің Ұлы Хартиясы Англия королінің билігін шектеп, демократияның басталуына жол ашты. Сол заманның суреттерінде осы хартияны Иоанн Корольдің жазып жатқандығы бейнеленген және солай айтылып келеді. Бұл да ақылға сыймайды. Себебі, Иоанн Король сауатсыз адам болған.

9. Англияға картоп пен темекіні әкелген Уолтер Рейли 

Уолтер Рейли – ағылшын тарихындағы аса жұмбақ тұлға, зерттеуші, мифологиялық бейне. Заманауи портреттерден оның сымбатты адам болғандығын байқаймыз, алайда, оның нағыз суреті әлі күнге дейін табылмаған. Оның әйелдердің жүрегін тез жаулап алатын болғандығы да айтылады. Тіпті І Елизаветаның өзі Уолтерді ұнатқан екен. Сондай-ақ Уолтер 1586 жылы Англияға картоп пен темекіні алып келген деген аңыз бар. Шын мәнінде, Испанияда 1585 жылы картоп астығы жиналып, сол жылы-ақ әлемнің бірнеше елдеріне тарап кеткен екен. Ал темекіні Франциядан 1560 жылы Жан Никот алып кетеді де, кеңге таратып жібереді. Сондықтан, нашар әдетті әкелуші ретінде Уолтер Рейлиді айыптау ағаттық болады.

10. Магеллан бүкіл дүниежүзіне саяхат жасаған

Барлығымыз Магелланды күллі планетаға саяхат жасаған деп мойындаймыз және осы сапар барысында Филиппинде өлтірілгендігін білеміз. Екіншісі біріншіні жоққа шығарып тұр. Шын мәнінде, Магеллан жарты саяхатты ғана жасаған. Оның көмекшісі  Хуан Себастьян Элькано Магеллан аяқтай алмаған сапарды түбіне жеткізеді.

11. Нерон Император Рим өртенгенде скрипкада ойнаған

Бұл оқиға б.з.д. 64 жылдары орын алған. Рим отқа оранып жатады, ал Нерон міз бақпастан скрипкада ойнайды. Мүмкін емес нәрсе. Біріншіден, скрипка 1600 жылдан кейін ғана пайда болады. Екіншіден, Нерон бұл кезде "мәңгілік қалада" емес, қала сыртындағы виллада болған.

12. Капитан Кук Аустралияны ашты

Әрине, аустралиялықтар бұлай ойлағысы келмейді. 1770 жылдарға дейін бұл жерде Авель Тасман және Дирк Хартог есімді голландықтар, англиялық қарақшы Уильям Дампир болған. Тіпті, құрлық осыдан 50 000 жылы бұрын белгілі болды. Кукты Аустралияның "алғашқы ашқышы" деп атануына себеп болған – капитанның адамдарды қоныстандыруға болатын жаңа жерлерді табуы.

13. Шекспир Гамлетті өзі жазды

Уильям Шекспир адамзат тарихында ұлы драматург ретінде белгілі. Алайда, оның біз білетін шығармалары төл туындысы саналмайды екен. Оларды аңыз-әфсаналардың, тарихи оқиғалардың шығармашылық адаптациясы деп атаған жөн. Мәселен, тарихшылардың айтуынша, "Гамлет" трагедиясы ежелгі скандинавиялық аңыздарға сүйеніп жазылған көрінеді.

14. Америка тәуелсіздігін 1776 жылдың 4 шілдесінде алды

Олай емес. Иә, Американың негізін қалаушы "ата-бабалары" Тәуелсіздік туралы Декларацияға осы күні қол қойды. Алайда, тәуелсіздік үшін күрес мұнан кейін де 7 жылға созылды, тек 1783 жылдың 3 қыркүйегінде Америка мен Англия королі ІІІ Георгтың арасында бейбітшілік туралы келісім жасалды.

15. Эдисон электр шамын жасады

1093 патент: Эдисон – ұлы өнертапқыш. Алайда, оның көптеген табыстары белгісіз әріптестерінің қатысуымен жасалған. Сондай-ақ, электр жарығын Эдисон туылғанға дейін, 40 жыл бұрын Дэйви Хэмфри есімді азамат тауып қойған. Оның шамы тек қана 12 сағат жанып тұра алатын. Эдисон бар болғаны шамның үнемі жанып тұруына жол ашатын материал ойлап тапты. Әрине, жетістік, бірақ өнертабыс емес.

16. Колумб Жердің дөңгелек екенін дәледеді

Американдық автор Ирвинг Вашингтонның кітабына сенсек, бәрі де солай. Бәрі Жерді тегіс деп ойлады, ал Колумб олай емес екендігіне сендірді. Асылында, б.з.д. төртінші жүзжылдықтан бастап ешкім Жерді тегіс деп ойламайтын болған. Колумб Жердің дөңгелек екендігін дәлелдей алмайды, себебі ол бұған сенбеді! Ол Жерді алмұрт пішіндес деп ойлаған. Ол ешқашан Америкада болмаған. Колумб алмұрт пішінді иемденетін Багам аралдарына дейін ғана жеткен болатын.

17. Ганди Үндістанды азат етті

Бұл Үндістанның тәуелсіздікке жету жолындағы күресте көшбасшы болған ұлы тұлға. Ол өз елін бодандықтан бас тартуға шақырды. Үндістанның Ұлттық Конгрессі құрылғанда, оның жасы бар болғаны он алтыда еді. Бірақ, Үндістан Гандидың қатысуынсыз-ақ, басқа жолдармен тәуелсіздікке жететін еді. Тіпті, Нетахи Чандра Бозе көрсеткен жолды таңдағанда, одан да ерте жеткен болар еді деген болжамдар айтылады.

18. Джордж Вашингтон АҚШ-тың тұңғыш президенті

АҚШ-тың 43 президентінің ішінде Джордж Вашингтонды тұңғыш президент ретінде танимыз. Олай емес. Ең алғашқы президент Пейтон Рендольф болған. Оны революциялық Конгресс таңдаған. Оның биліктегі ең алғашқы қадамы – Англия әскерінен қорғайтын Құрлықтық Әскерді құруы және бас қолбасшы ретінде Вашингтонды тағайындауы. Рендольфті 1781 жылы Джон Хэнсон алмастырды. Вашингтон – бүкіл халық таңдаған алғашқы президент. Бірақ ол билікке он бесінші болып отырды.


Суреттер: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева