Жер бетіндегі ең алып қоңыз

Жер бетіндегі ең алып қоңыз

Жаратылыстың тағы бір ғажабы қоңыз-титан немесе Titanus giganteus жер бетіндегі ең алып бунақдене саналады. Ересек титандар ұзындығына 16,7 сантиметрге өсе алмақ және теңдессіз жақ сүйектерінің мықтылығы арқылы танылған. Ағаш қарындашты еш қиындықсыз сындыра салатын жақ сүйектерге адам саусағы түк те емес. Бірақ бақытқа орай, аталған бунақденелілер адам баласына еш қауіп төндірмейді.

Қоңыз-титан - жер бетіндегі ең керемет жаратылыстардың бірі. Бұл қоңыз Оңтүстік Африканың тропикалық ну ормандарында, қалың тереңдікте өмір сүріп келеді және жарыққа жолбике көмегінсіз шыға алмайды. Әзірге, бұл жұмбақ бунақденелінің дернәсілін ешкім көрген емес, есесіне, ағаш астында қалған ұңғымаларға қарай отырып, ғалымдар олардың жер астында бірнеше жылға өмір сүріп жата беретіндігін, толықтай өсіп-өнгенше ағаш қабығының қатты бөлігімен қоректенетінін айтуда. Өлі ағаштардың саңылауларына қарап (тесік), олардың дернәсілдері шамамен диаметріне екі дюйм, ұзындығына бір фут болатындығын аңғаруға болар.

Қоңыз-титан өз өмірінің ересек тартқан кезеңінде қоректенбейді, дернәсілдердің дүниеге келу кезеңінде қорды пайдаланып жатады. Негізінен, ұрғашы жағы жұмыссыз, ерлерінің ұрықтандыруын күтумен болады. 

Ұзын әрі алып мүйізімен 17,5 сантиметрге дейін өсетін қоңыз-геркулес саналады. Алайда, денесінің ұзындығы жағынан алсақ, онда Titanus giganteus - әлемдегі ең алып қоңыз. Олар шыжылдау арқылы белгі беріп, қорғанады, жақ сүйектері арқылы шабуылдаушыны тістеп алуға тырысады. Титандар бірінші болып шабуылға ешқашан шықпайды, бірақ, олармен мейлінше сақ болған дұрыс, әйтпеген жағдайда айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Қоңыз-титан Колумбия, Гвиана, Эквадор, Боливия, Перу мен солтүстік-орталық Бразилияның жауын-шашынды ормандарын мекен етеді. Түн ауа жергілікті жұртшылық пен зерттеушілер оларды аулауға шығады екен.

Елді-мекен тұрғындары қоңыздардың мекен етер жерін көрсетумен, нұсқаларын сатумен айналысады. Бұл бизнес көзі оларға 500 доллар шамасында табыс келтіретін көрінеді. 

Тіркелген ең алып Қоңыз-титанның (Titanus giganteus) ұзындығы 16,7 сантиметрге жеткен, бұл дегеніңіз, кейбір Чихуахуа күшіктерінен де үлкен болып шығады деген сөз. Жәндікті Патрик Блеузен есімді энтомолог Гайана өлкесінде ұшыратқан.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Сурет: pixanews.com

Л. Лига