Смартфоннан төнетін қауіп

Смартфоннан төнетін қауіп

Зерттеуші ғалымдардың есептеуінше, смартфондар тоңазытқыштан әлдеқайда "ашқарақ" келеді екен. Соңғы заманауи модельдер жылына 322-х кВт/сағатты жұмсайтын болып шықты. Мәселен,  iPhone-ның бір жылда жұмсайтын энергиясы орташа есеппен 361 кВт/сағатты құрайды. Оның үстіне энергияның басым бөлігі сымсыз байланыстарды ұстауға жұмсалады.

Әлемдік телекоммунациялық жүйелердің жылдық орташа энергия шығыны шамамен 1500 ТВт/сағатқа жетеді. Бұл бүкіләлемдік энергияның 10%-на тең. Керек десеңіз, бұл Жапония мен Германияның электроэнергетикалық нарқынан да көп болып тұр. Сондай-ақ, 1985 жылы бүкіл әлемде жұмсалған электрэнергия смартфондар жұмсаған энергиядай ғана болған.

Зерттеушілер бұл көрсеткіш 2035 жылға қарай жарыққа жұмсалатын энергияның мөлшеріне дейін жетеді дегенді айтып, дабыл қағып отыр. Мұндай қауіпті төндіріп отырған – смартфондар мен планшеттердің қожайындары.

Дәл қазіргі уақытта планетамыздағы ең өнімді электроэнергияның көзі – көмір. Greenpeace-тің хабарлауынша, «Apple» корпорациясы 55% энергияны осы отыннан алады екен. Көмір ең таза отын болмағандықтан, «Apple» корпорациясы басқа да энергия көздерін пайдалануды қолға алу үшін қызу жұмыс жүргізіп отыр. Компанияның ресми сайтында көздеген мақсаттың таяу арада орындалатындығы жазылған.

Осылайша, сіздің смартфоныңыз үйдегі тоңазытқыштан да көп электрэнергиясын жұмсайтын болып шықты. 

Суреттер: byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовқа арналған қойылым сахналанады
Қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовқа арналған қойылым сахналанады
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, Тайғақта
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. ІI том, Тайғақта
Тест. Ағылшын деңгейіңіз қандай?
Тест. Ағылшын деңгейіңіз қандай?
Оралхан Бөкей: Өмір – ешкім шығара алмас қиын есеп
Оралхан Бөкей: Өмір – ешкім шығара алмас қиын есеп
Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады