Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қалақайда қандай сыр бар?

Қалақайда қандай сыр бар?

Қалақайда қандай сыр бар?

Жаз шыға салысымен, көрікті мекендерге саяхаттау, суға шомылу, сонымен қатар, тауға шығу маусымы да басталатыны белгілі. Саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерін басты назарда ұстаған дұрыс. Осы тұста айтпағымыз, тауға шығар алдында “сақ бол”, кейде “қалақай шағып алмасын” деп сақтандырып жатады. Шын мәнінде қалақайда қандай сыр бар?

Қалақай – еліміздің барлық өңірінде кездесетін өсімдік. Биіктігі 1 метрдей болады. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарсы орналасады. Жалпы бұл өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе, түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Бізді сақтандырудағы айтқан "қалақай шағып алмасын" деген осы. Өйткені оның теріге тиген жері дуылдатып, иненің ұшы кіргендей күй кешіреді. Медицинада қалақайды тағам ретінде де пайдаланады. Бұл өсімдіктің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, минералды тұздар және әртүрлі органикалық қышқылдар болады. Халық медицинасында жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырып, ем жасайды.                        

Қалақайда тағы қандай сыр бар?

  • Ұлыбританияда қалақайдан шарап жасайды. 3000 литр шарап алу үшін 40 келі қалақай жапырағы қажет екен.
  • Қалақай талшықтарынан мата да жасалады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлерінің киімі осындай матадан жасалған.
  • Англиядағы Маршвуд елді мекенінде жыл сайын өткізілетін қайырымдылық сыра фестивалінің шеңберінде қалақай жеуден әлем чемпионаты өткізіледі.
  • Қалақайды жеу пайдалы, өйткені оның құрамында магний, кальций және темір бар. Бұлар адам денсаулығына аса пайдалы.
  • Қалақай – көбелектің екі түрінің (репейница және адмирал) басты азығы, егер қалақай болмаса, бұл екі көбелек түрі болмас еді.
  • Қалақайды халық медицинасында ұстамалы ауруларды емдеуге пайдаланады.
  • Қалақай кез келген жерде өсе береді. Тек топырақ құрамында фосфат жеткілікті болса болды.
  • Азықтық өнеркәсіпте қалақайдан жасыл бояғыш жасайды.
  • Қалақайды жүкті әйелдерге және жүрек талмасымен ауыратын адамдарға жеуге болмайды.


суреттер: magiatrav.ru,pora-na-dachu.ru 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

12660 4
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 28 маусым 2013, 08:15
Пікірлер
+0
28 маусым 2013, 11:33

Пайдалы екен ғой)

+0
28 маусым 2013, 11:36

Мына қалақай қалақай ма? Біздің ауылдың қалақайын көрсеңдер, түрінен қорқасыңдар!)

+0
28 маусым 2013, 15:20

"Қалақай талшықтарынан мата да жасалады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс әскерлерінің киімі осындай матадан жасалған. " Осы жайлы апам айтып отырушы еді.

+0
28 маусым 2013, 22:31

Есімде ғой қалақай шағып алғаны )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...