Біз білмейтін...

Бүгін сіздердің назарларыңызға әлемнің ең қызықты делінген деректерін ұсынғанды жөн көрдік. Бір қарап шығуға кеңес етеміз. Ендеше, сіз білмеген дүниенің қызық-шыжықтары. 

Айтпақшы, біздің әр күніміз дерекке толы. Біздің әр күніміз тарих болып жазылып жатыр. 

Әр күні орта есеппен 12 нәресте перзентханада ата-анасына қате беріледі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде таратылған Оскар сыйлығы ағаштан жасалған, өйткені, ол кезде металл өте тапшы болған тұс еді. Адамдар мөлшермен 7 минутта ұйқыға кіре алады. "dreamt" "mt"-мен аяқтасқан бірден-бір ағылшын сөзі. Кока-кола ең алғашында жасыл түсті болып шығыпты.  Пілдер мүлде секіре алмайды. Соқыр болатын әйелдер ерлерге қарағанда бір есе көп. Дүниеде ең көп кездесетін есім - "Мұхаммед". Жаңа туылған нәрестеде 300 парша сүйек болады, үлкейгеннен кейін 206 парша болады. Шалқалап жатып екі аяқты көтеру арқылы көшпелі құмға көміліп қалудан сақтануға болады. Егер абайсызда балық тістеп алса, шыдамдылық сақтап, оның көз алмасына қарасаңыз болғаны, ол сізді қоя бере салады. Басбармақ тырнағы ең баяу, ортаңғы тырнақ ең тез өседі. Ақылды адамның шашында мырыш пен мыс көпке дейін сақталады.

сурет:meta.kz 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек