Көктемнің соңғы қызықтары

Әлем қызықтары назарларыңызда. Білгіңіз келсе: Бенгалдықтар жолбарыстан қалай қорғанады; Жазушы Жан-Доминик Боби ойлап тапқан қарым-қатынас әдісі; Сүт қосылған кофенің ыстығы қанша уақытқа сақталады; Әлемдегі ең ұзын сақал иесі қалай көз жұмған; Баклажан өнімі неге улы: Дежа вю феноменінен басқа да құбылыстар; 1800 жылы Ниагара сарқырамасы неге ақпай қалған.

Хеопс пирамидасы, Мачу-Пикчу қамалы, Наска геоглифтары және Пасха аралындағы тас мүсіндер Жер орталығын қоршап тұрғандай бір сызықтың бойында орналасқан. 

Бенгалдықтар жолбарыстардан қорғану үшін желке тұстарына бетперде киіп жүреді. Өйткені, жыртқыш жолбарыстар теке қана арқа тұстан шабуылдайды екен.  

Франуз жазушысы Жан-Доминик Боби арбаға танылған соң, қарым-қатынас жасауда өз әдісін ойлап табады. Ертелі-кеш өзі басқара алатын бір ғана көз қабағы арқылы әңгімеге араласа бастайды.

Осы бір әдіс арқылы 140 беттен тұратын кітап жазып шығады. Және сол бір "Ғарышкиім және көбелек" атты туындысы көп өтпей-ақ әлемдік бестселлерге айналған. 

Сүт қосылған кофенің ыстық күйі 20 пайыз ұзақтыққа артық сақталады. 

Жапонияда алдыңғы табаны протезге ауыстырылған теңіз тасбақасы өмір сүреді. 

Әлемдегі ең ұзын сақал иесі қалай өлген десек, ол абайсызда ұзын сақалына сүрініп кетіп, жұлыны үзіліп көз жұмған. 

Наполеондық соғыстардан кейін Ливерпуль королі адамдарға жай жұмыс көзін тауып беру мақсатында ешкімге керексіз түннелдерді тестірген. 

Дежа вю (déjà vu) феномені секілді екі бірдей құбылыс бар: жаме вю (jamais vu) және преск вю (presque vu). Жаме вю - адам өзі жақсы біліп, танитын жердің сол сәтте мүлдем таныс емес болып көрінуі. Бір сөзбен айтқанда, дежа вюға қарсы күй-ахуал. 

Ал преск вю - сөз ауызда тұр, бірақ, оны айта алмай қалатын сәт. 

Бірде 1800 жылы Ниагара сарқырамасы кенет тоқтап қалады. Көл суы таусылып, адамдар онда 30-40 сағат бойына жаяу жүреді. Кейіндеу су өз орнына келген. Кейіндеу неге сусыз қалғаны белгілі болған - қатты жел Эри өзеніндегі қатып қалған мұз сеңдерін қозғалысқа келтірген, нәтижесінде көлге құяр бастауларды бітеп тастаған. 

Баялдының (баклажан) құрамында жеуге жарамды барлық өсімдіктерден артық никотин болады. Баялдының тоғыз келісі шамамен бір шылымға пара-пар. 

Ғарышта қант молекуласынан тұратын бұлттар жүзіп жүреді. 

сурет: bibliotecapleyades.net; nytimes.com; cracked.com; bibo.kz

Автор: Фараби Арыстанбек