Terrafugia вертикалды ұша алатын көлік жасап шығармақ

Terrafugia вертикалды ұша алатын көлік жасап шығармақ

Terrafugia компаниясы ұшатын көлігін сынақтан сәтті өткізген соң, өзінің әлемдегі тұңғыш гибридті ұшатын автокөлігін жасап шығарғысы келетіндігін мәлімдеді. 

1

Жаңа модель төрт адамға есептеліп жасалған екен. Модельде орнатылған қанаттар жиналмалы болғандықтан, оны гаражға оңай сыйыстыруға болады. TF-X деп аталған автокөлік вертикалды ұшуға мүмкіндік беретін 600 аттың күші бар электр қозғалтқышымен жабдықталған. Алыс қашықтыққа ұшу үшін ол газтурбиналық қозғалтқышқа ие болмақ. TF-X тоқтаусыз 800 шақырымды еңсере алады. 

2

Terrafugia компаниясын хабарлағандай, жартылай автоматты көлік ұшақ ұшпайтын әуе кеңістігінен тиімді жолды және ауа-райы қолайлы ауданды өздігінен таба алады. TF-X арнайы парашютпен де жабдықталатын болады. Компания өзінің тұңғыш ұшатын көлігін 8-12 жылдан соң жарыққа шығаруды көздеп отырған көрінеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет