Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Студенттік өмір / Қазақстан IESO Халықаралық олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды

Қазақстан IESO Халықаралық олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды

Қазақстан IESO Халықаралық олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды

Кореяның Тэгу қаласында Жер ғылымы бойынша өткен XIII Халықаралық IESO 2019 олимпиадасынан қазақстандық оқушылар командасы бес медальге ие болды. Олимпиадаға әлемнің 43 елінен 160-тан астам оқушы қатысты.

– Біздің жастар бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Екі қола медальді жеке есепте, тест шешу тапсырмасын жақсы орындаған Рустам Валеев пен Әмір Жолдасбеков иеленді. Айбике Жағапарова күміс және қола, ал Рустам Валеев қола медальды қанжығасына байлады. Енді екеуі де халықаралық команда құрамында, - деп хабарлады академик, Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бағдарламасының үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

Ең көп алтын медальді Оңтүстік Корея мен Жапониядан келген Жер туралы ғылым әуесқойлары жеңіп алды. Ал Тайвань оқушылары өңір бойынша көршілерінен біраз артта қалып қойды. Аустралия, Қытай, Чехия және Румыния командаларында бір алтыннан бар. IESO 2019 ұйымдастыру комитетінің төрағасы профессор Чан Джонг Ким қатысушыларға арнаған сөзінде "Бүгінгі ұйымдастырылып отырған IESO 2019 – әлемнің ең дарынды студенттері үшін Жер туралы ғылым саласындағы болашақ мансапқа апарар жолдағы тамаша және беделді бастапқы алаң" - деді.

– Олимпиада қиын болды. АҚШ пен Қытайдан келген қатысушылардың дайындықтары өте жақсы екенін байқадық. Олар әрдайым жоғары нәтижелер көрсетеді. Алайда басқа да қатысушылар жеңіске лайық болды, себебі бұл Олимпиадаға Әлемнің үздіктері келді. Кестеміз өте тығыз болды, сонымен қатар климаттың алмасуы да әсер еткен болар, өз мүмкіндіктерімізді толығымен көрсете алмадық, - деді қазақстандық құраманың қатысушысы Рустам Валеев.

Қазақстандық командаға іріктеуді "Жас Геолог" қоры жүргізді. Биыл команда құрамына кіру құқығы үшін еліміздің әр қалаларынан 150 оқушы сынға түсті.

– Бұл олимпиада алдыңғы Олимпиадаларға қарағанда айтарлықтай жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Біздің балаларымыздың бәсекелестігі де жоғары болды. Мысалға алар болсақ, Қытайдың атынан келген 4 қатысушы – 10 000 астам үміткердің арасынан іріктеліп алынған үздіктер, - деді қазақстандық команданың тәлімгері Жанат Исмаилова, "Жас геолог" қоры.

IESO алғаш рет 12 жыл бұрын Кореяда өткен болатын. Жер туралы ғылымдар олимпиадасы 2020 Ресейдің Түмен қаласында өтеді, ал 2021 жылы оны Қытай қабылдайды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 04 қыркүйек, 12:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.