Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Студенттік өмір / Жатақхана әлде пәтер?

Жатақхана әлде пәтер?

 Жатақхана әлде пәтер?

Кешелі бері білім гранты шығып, студент атанған студенттердің қуаныштарында шек жоқ. Жан-жақтан ағылатын жас түлектер үлкен қалада қандай қиындықтар, студенттік күндердің қызығы мен шыжығы қатар жүретін кездердің қандай болатынын әлі елестеткен жоқ. Грант қолыңызда болғанымен баспанаға келген кезде түрлі қиындықтар туындайды. Сондықтан сіздерге осы ақпаратты ұсынып отырмыз.

Студенттік жатақхана

Студенттерге арналған жатақхана әрбір жоғары оқу орындарында бар. Алматы қаласы бойынша барлық дерлік университеттерде бар. Тек мемлекеттік емес жекеменшік оқу орындарында баға құны басқаша болуы мүмкін. Ал ұлттық және мемлекеттік статустағы оқу орындарында арзанға түседі.

Студенттік жатақхана құны ай сайын және жылға болып бөлінеді. Жыл өткен сайын баға өсіп келеді. Шамамен алған кезде айына 8500-15000 теңгеге дейін барады. Ал жылына төлейтін сома 50 000- 100 000 теңгенің арасында шығады. Бұл тек осы уақытқа дейінгі есептік көрсеткіш. Ал жаңа оқу жылына өзгеріс болуы да мүмкін.

Артық шығын жасамайсыз, тек тұратын орныңызға төлейсіз. Қалған ақшаңызды өзіңіз үшін жаратасыз. Ыстық және суық су, ортақ жуынатын жер, төсектермен жабдықталған жатақханалар қазір барынша еуропалық стандарттарға сай жасалып жатыр. Тек бір қиындық бар. Жоғары оқу орындарының ішкі тәртібіне қарай барлық студент жатақханамен қамтамасыз етілмейді. Оған түрлі жеңілдіктер жасалды.

Жеңілдік түрлері:

Көп балалы отбасы болғанда (4 баладан көп);

Жартылай жетім болған жағдайда;

Ата-анасы мүгедек немесе қызметке жарамсыз болған жағдайда;

Алыс аймақ болса;

Қосымша жеңілдік түрлері университеттің өз заңына сай жасалады.

Ал егер жатақхана ала алмаған жағдай болса не істейсіз?

Үлкен қалада пәтер жалдап тұру қалыпты жағдай. Тек қалтаңыз көтерсе болды оның ешбір әбестігі жоқ. Тек кемшілігі сол артық шығын боласыз. Үлкен қалаларда пәтер құны айына ортақ есептеген кезде бір бөлме – 40-60 мың теңге көлемінде болады. Ал екі бөлмелер 70-80 мың теңгеден жоғары есептеледі. Оған қоса үй шығын бар. Ыстық су, суық су, қуат көзі деген сынды қосымша дүниелер 10-15 мың теңгеге барады. Адам басына шаққан кезде 15 мың мен 20 мың теңге арасында айына шығындаласыз.

Пәтерге тұру бір жағы әрине қауіпті. Себебі үлкен қалада жүріп-тұру, сабақтан кеш қайту мәселелері бар. Бірақ өзіңіз уақытты дұрыс әрі пайдалы жағынан пайдалансаңыз ұтасыз.

Студенттік өмірге қош келдіңіз, жас түлек!

Рейтинг: +5

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: kgtkk.kz
Қосылған күні: 11 тамыз 2017, 01:08
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.