Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Студенттік өмір / ҚазҰУ-дың «Шығыстану» факультетінде аударманы шыңдаудың шеберлік-сыныбы өтті

ҚазҰУ-дың «Шығыстану» факультетінде аударманы шыңдаудың шеберлік-сыныбы өтті

ҚазҰУ-дың «Шығыстану» факультетінде аударманы шыңдаудың шеберлік-сыныбы өтті

2016 жылдың 25 желтоқсанында сағат 18.00-17.00 аралығында 422–ші дәрісханада «Аударма теориясы мен тәжірибесін заманауи оқыту әдіснамасы» пәні бойынша «Жарнама мәтіндерін аудару  ерекшеліктері» атты тақырыпта мастер-класс өтті.

Аталған іс-шараға ұзын саны қырықтан асатын мұғалімдер қатысты. Атап айтсақ, Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қытайтану кафедрасының ұжымы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қытай тілі мұғалімдері, Халық Шаруашылығы университеті лингвистикалық орталығының қытай тілі мұғалімдері, Д.Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университеті қытай және ағылшын тілі мұғалімдері, Жүргенов атындағы Өнер академиясының мұғалімдері, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясы мұғалімдері, Алматы көлік және транспорт колледжінің  ағылшын тілі мұғалімдері.

Мастер-класс барысында тәжірбиелі ұстаз топпен жұмыс істеудің түрлі амалдарын: магистранттардың қызығушылығын ояту, ой жинақтау, пікір талас, миға шабуыл және т.с.с әр алуан стратегияларды қолдана отырып, аудиториямен жұмыс жасады.

Сондай-ақ, қызығушылықты ояту кезеңі де магистранттар өз өмірлерінде кездескен, білімгерлердің ары қарай ізденуіне түрткі болған, ой салған ситуацияны ортаға салып, ой бөлісуімен басталды. Аударма барысында кездескен қызықты оқиғалар көпшіліктің талқысына  салынып, түйген  ойларын бөлісті.

Кафедрамыздың тәжірбиелі оқытушысы ф.ғ:к., доцент А.Ә.Кенжебаева сонымен бірге жарнама мәтінін шет тіліне  аударуда аударманың қай әдісін, түрін аударма прцесінің қай кезеңінде қолданылу керектігіне тоқталып, әріптестеріне нақты әдістемелік-практикалық ақыл-кеңестер беріп отырды.

А.Ә.Кенжебаева осы мастер-класта «Аударма ісі» мамандығының 1 курс магистранттарына аудармашының күнделікті сөздік қорын байытып, есте сақтау қабілетін жаттықтырып отыруға арналған тапсырмаларды орындатып, аудармашы тез арада реакция бере білуге дағдылануы керектігін атап өтті. Неғұрлым қысқа мерзім ішінде көлемді ақпаратты сүзгіден өткізіп, аударуға дағдыландыратын тапсырмалар тізбегін орындатты. Сондай-ақ жарнама мәтіндерде кездескен тұрақты тіркестерді пысықтап, жарнама мәтіндерін аудару барысында кездескен лингвомәдени біліктерді дұрыс аударуға баулып, олардың мәдени ерекшеліктеріне талдау жасап, аудару жолдарын көрсетіп, жарнама мәтінін аудару критерийлеримен таныстырып өтті.

А.Ә. Кенжебаева шеберлік-сыныпқа қатысқан тіл мамандарын «Аударма теориясы мен тәжірибесін заманауи оқыту әдіснамасы»  пәнін өту барысында  қолданатын айрықша әдістемелерін ортаға салып, тәнті етті.машықтандыру. Сабақта миға шабуыл, кейс-стади, аударманы оқытудың құзыреттік-бағдарлы әдістері және аударма теориясы мен практикасында қолдануға тиіс өзге де инновациялық әдістер мен технологиялар ұтымды пайдаланылды.

Мастер-класс соңында еліміздің түрлі іргелі оқу орындарынан келген жоғары дәрежелі мамандар сабақ бойынша өз пікірлерін ортаға салып, А.Ә.Кенжебаеваның жұмысына өте жоғары баға берді. Олар және де тәжірибе алмасуға үлкен септігін тигізетін осы тәріздес шеберлік-сыныптарды жиі өткізу керектігін ерекше атап көрсетті.Факультетімізде осындай тәжірбиелі ұстазарымыздың шеберлік-сыныптар ұйымдастырып, әсіресе жас мамандарға өзінің озық оқыту методикасымен бөлісіп тұруы- дәстүрге арналған іс-шараларың бірі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Шығыстану факультеті

Қытайтану кафедрасының оқытушылары: Досымбекова Р., НуржаеваА.

0
Рейтинг: +0

Фото: автор
Қосылған күні: 27 қараша 2016, 13:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->