Әлемдегі ең ерекше жатақханалар

Әлемдегі ең ерекше жатақханалар
Фото: novate.ru

Жатақхана (студенттер үйі) – адамдар үшін ыңғайлы әрі арзан бағада, қол жетімділік мүмкіндігі бар орын. Бүгінгі таңда жатақхананың негізгі тұрғындары – студенттер. Әрбір ЖОО-да өзіне тән жатақханалары бар. Бұл ғимараттар студенттер үшін жұмыс істеуге арналған. Олардың өмір сүруі, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сай жабдықталады. Дегенмен әлемде өзіне тән ерекшелігімен көзге түскен жатақханалар бар.

 Cite A Docks – Франциядағы жүк тасушы контейнерлерден құралған жатақхана

Simmons Hall – Массачусесттегі техникалық университеттің жұмсақ губка тәрізді жасалған жатақханасы

Jaegersborg Water Tower – Даттықтардың су құбыры тәріздес үлгідегі жатақханасы

 "Араның ұясы" – бұл шынымен атына заты сай араның ұясы секілді ерекше үлгіде салынған жатақхана. Студенттер үйі Эстонияда орналасқан

Usen Castle – "Хогвартс" есіңізде ме?! Гарри Потердің әлеміне апаратын ежелгі тас үлгідегі жатақхана 

Твенттегі бұл жатақхана спорттық үлгіде салынған. Ішінде жүріп, жүгіріп, кез келген спорт түрімен айналыса аласыз

М. Ақан