Студенттер үйіндегі айт

Студенттер үйіндегі айт
Фото: Автордан

Құрбан айт күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультетінің ұстаздары құрбандық шалып, №17 Студенттер үйінде мерекенің алғашқы күнін студенттермен бірге қарсы алды.

Жасалған шараға факультет деканы Ө.Әбдиманұлы өзі бас болып, оқытушылар мен студенттер арасын тығыз байланыстыратын ең ұлық мереке екенін атап өтті.

Студенттер үйіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректорлары М.М.Бүркітбаев, Ш.Е.Жаманбалаева, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Мекебаев, Қадр және мұрағат істері басқармасының басшысы А.С.Мадиярова, Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің директоры Ж.Д.Есімова құттықтай келіп, студенттерге бүкіл жатақханаларда құрбан шалынғанын, осылай жаппай тойлап жатуымыз тәуелсіздігіміздің арқасы екенін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Студенттік декан Ұ.Қанашева келген қонақтарға, құрбан шалған ұстаздарға студенттер атынан алғыс білдірді. Студенттер бір-біріне айттап мәре-сәре болды.

Е.Карбозов
Филология және әлем тілдері
факультеті деканының оқу-әдістемелік
және тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары, филол.ғ.к.

Е. Жұмабайұлы