19 жастағы студент «Талдықорған аруы — 2015» атағын иеленді

19 жастағы студент «Талдықорған аруы — 2015» атағын иеленді
Фото: nur.kz, nemiga.info

«Талдықорған аруы-2015» байқауының ақтық сыны Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті.  «Талдықорған аруы — 2015» атағын 19 жастағы студент қыз иеленді, - деп хабарлайды Nur.kz порталы.

Байқау финалына іріктеу сынынан өткен 12 бойжеткен шықты. Барлық қатысушылар сұлулар сайысына зор әзірлікпен келгендерін байқатты.

Қазылар алқасының құрамында сән бизнесінің және бұқаралық медиа өкілдері, сондай-ақ Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов болды.

канайбаева 1

Байқау қорытындысы бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 19 жасар студенті Айдана Қанайбаева жеңімпаз атанды.

Оның айтуынша, ару тәжін киюіне оның бала кезінен ұлттық би билеумен айналысуы көп септігін тигізген.

Е. Жұмабайұлы