Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / "Шайпұл" ұғымы қалай пайда болды?

"Шайпұл" ұғымы қалай пайда болды?

"Шайпұл" ұғымының пайда болу уақытына байланысты деректер әртүрлі. Кей мәліметтерге сәйкес, XVIII ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған. Сол кезеңде голландмялық көпестер Англияға шай таси бастады, бірақ шай ол кезде өте қымбат еді. Сондықтан оны тек ауқатты азаматтардың ғана қалтасы көтеретін болды. Шайды арнайы түстен кейінгі мезгілде "шай бақшасында", ашық аспан астында, гүлдердің ортасында отырып, әуен қосып қойып ішкен. Үстелдерде "To Insure Prompt Service" (TIPS), яғни "жылдам қызмет көрсету үшін" деген жазуы бар қорапшалар тұрады екен. Ыстық шайды тезірек әкелуін қалаған адам осы қорапшаға ақша тастайды. Шайпұл беру осылай пайда болған.

Француз тілінде «пурбуар» деп аталады, ол «ішу үшін» деген мағына береді. Азия және Шығыс елдерінде «бакшиш» дейді, оны ашық түрде сұрауға рұқсат етіледі. Гректер «филодорима», яғни  «достық сыйлық» деп атайды.

Егер саяхаттауды жақсы көретін болсаңыз, шайпұл қалдыруға байланысты әр елдің ережесі бар екенін білетін боларсыз. АҚШ-та даяшыға шоттың 15-25 пайызын, ал Бразилияда 10%, Швецияда 5-10% қалдыру керек. Ал Жапония мен Австралияда шайпұл ұғымын түсінбейді, мұнда үстелге ақша қалдыруға тыйым салынған, оны даяшылар өзін төмендету деп түсінеді. Австрияда шотты үш рет сұрағанда әкелмесе, төлемей тұрып кетуге де құқылысыз.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: mix.tn.kz
Қосылған күні: 23 тамыз 2018, 12:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.