- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Грек жаңғағы гректердікі...
Грек жаңғағы гректердікі ме?
Күнделікті жеп жүрген грек жаңғағын біз бұлай атағанымызбен, ол тек гректерге тиесілі емес екенін білесіз бе? Оның негізгі Отаны Малай және Орта Азия, ал не үшін грек жаңғағы деп аталып кеткенін ешкім білмейді. Жаңғақтың тағы да «миға мереке», «ақыл азығы» деген секілді атаулары бар. Оның сыртқы пішінің өзі адам миын еске түсіреді.
Адамдар ағашта өскен жаңғақты жинап алғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соған орай, грек жаңғағы туралы қызықты деректер ұсынамыз.
Кавказ елінде грек жаңғағы қасиетті ағаш саналады. Ол жерден 4 ғасырлық тарихы бар ағаштарды кездестіруге болады.
Жаңғақтың 400 грамы бүкіл күні бойғы жейтін тағамнан алатын қуатты бере алады. Осы төрт жүз-ақ грам жаңғақтың құрамында ағзаға қажетті барлық элементтер мен дәрумендер бар.
Алайда, осылай екен деп, бір күнде 400 грамын бір-ақ жеп алуға болмайды. Диетолог мамандар грек жаңғағын күніне 100 грамнан артық жемеуге кеңес береді. Егер бұл ережені сақтамаған жағдайда, ауызда бөртпе пайда болып, қан тамырлары тым тарылып, бас ауыратынын айтады.
Грек жаңғағының күйдірілген қауызынан жоғары сапалы белсендірілген көмір жасайды.
Құрамында магний көп болуына байланысты, ұйқыны жеңілдетіп, жайлылық сыйлайды. Ал екі-үш жаңғаққа бал қосып жесеңіз, мидағы қан тамырларын тарылтады. Грек жаңғағын қан қысымын төмендетуге пайдаланады.
Сүт пен ет құрамында ақуыз қаншалықты көп болса, бұл жөнінде грек жаңғағы да олармен тең түседі. Тек жаңғақ құрамында лизин болуына байланысты жеңіл сіңіріледі.
Жаңғақты ұзақ уақыт толықтай шайнап барып жұтқанда ғана құрамындағы барлық пайдалы затты ағзаға сіңіруге болады.
Орта Азия тұрғындары грек жаңғағы өсетін ағаш ешқашан гүлдемейтініне сенімді. Тіпті оған арнап мәтел де шығарған: «Грек жаңғағының гүлдегенін көрген жан өледі».
Еш зақым көрмеген сау ағаш жылына 300 келіден астам таза жаңғақ береді.
Тағамдық құндылығы жөнінен алар болсақ, 100 грамм грек жаңғағы 300 грамм бидай нанына не 700 грамм картопқа, не бір литр сиыр сүтінен кем түспейді.
@. @assel_assanova