Миды қозғайтын бес күш

Миды қозғайтын бес күш

Миды жақсарту үшін миға ұқсайтын тағамдарды ғана жеу керек. Қалжың ғой! Кез  келген астың асқазанға пайдалы жағы бар екенін бәріміз білеміз. Алайда, сана мен жақсы тағамның қайсысы бірінші пайда болғанын білмейтін болармыз?! Әрине, жақсы тағам мен мидың жақсаруының арасында бір байланыстың бары анық. Күлкіңіз келді ме?

Мидың жақсы жұмыс істеуі мен оқуға деген ынтаны арттыратын тағам мен өнімдер:

Грек жаңғағы

Грек жаңғағының адам миына ұқсастығының өзі көп нәрседен хабар берердей. Біріншіден, грек жаңғағы миға өте пайдалы антиоксидант есебінде қажетті. Және бұл жаңғақ түрі басқа жаңғақ түрлерін көш ілестірмей кетеді. Мәселен, жақында ғана зерттеушілер осы бір жаңғақтың құрамындағы заттар адам миының тез шешім қабылдауы мен ақпарттарды жылдам қағып алуында елеулі орын алатынын дәлелдеп шықты. Ол аз десеңіз, тағы бір ғалымдар грек жаңғағының ағзадағы екі пайызының өзі (қалыпты табылып тұратын болса) мидың қартаюы мен жоғары бөлік қызметінің ұдайы қызмет үстінде болуын, когнитивтік жүйені (тану қасиеті) реттеп отырады деп сендіреді.

Қаражидек

Көптеген зерттеулердің қорытындысы қаражидектің асқазан үшін ең қажетті зат екенін дәлелдеп берді. Антиоксиданттарға бай тағам сырттан келетін қысымға қарсы тұрады.  Ми терісіне жол тарту арқылы уақыт келе пайда болатын бойкүйездіктің алдын алып, нейронның қызметін әлдеқайда жақсартып тастайды. Сонымен қатар мидың дегенерацияға (ағзаның биологиялық және психикалық белгілерінің тозуы) ұшырамауын қадағалап, есте сақтау жадын жақсартады. Бізге беймәлім бір сынақтарда қаражидекті күнделікті жейтін адамдардағы мидың қартаю процесі әдеттегіден екі жылға кешеуілдететін болып шықты.

Зәйтүн майы

Қоспасыз, сапалы зәйтүн майының асқазан үшін қаншалықты маңызды екенін білемісіз?! Қою майлар мидың ерте қартаюына алып келсе, зәйтүн майының құрамындағы заттар процесті кері жүргізеді. Оған айқын куәлік ретінде зәйтүн майын қолданатын әйелдердің миы биологиялық жасқа да қарамастан кеш қартаятынын тілге тиек етуге болады.

Кофе

Миды қозғар күштің бірі кофеде десек, артта қалған мен алда келе жатқан мыңжылдық еске түседі. Кез келген дүкеннен қоспасы мен қанты көп кофенің табылып, сұранып тұратыны анық. Алайда, денсаулықты да ұмыт қалдырмаған жөн. Әрине, табиғи кофе болып жатса, алаңдаудың еш реті жоқ. Тек ішетін уақытты бекітсеңіз болғаны. Саналылық деңгейді арттырып, ойлау жүйеңізді бірізділікке қояды; температураны көтеріп, сергектік сыйлайды.

Естеріңізге сала кетейік, кофеиннің адам ағзасына пайдалы жағы болмаса, зияны жоқ.

Су

Нағыз табиғи сусын. Жер бетіндегі бар тіршілік судан жасалды. Егер су болмаса, адам миы тез қартайып, беймәлім қиындықтарға алып келетін еді. 2011 жылы зерттеу қорытындысы бойынша, шөлдеудің нәтижесінде адам миының кішірейетіні анықталды. Сондықтан саналы, дені сау адам тәулігіне ең кемі дегенде 3 литр су ішіп тұруы тиіс.

cурет:liveinternet.ru; uainfo.censor.net.ua; nazeleno.cz; onlycy.com; odk.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига