Адам миының құпиясы көп

Адам миының құпиясы көп
Фото: PPt4WEB.ru

Ми – латын тілінен аударғанда "encephalon" деп аталатын, орталық нерв жүйесін меңгеру торабы. Ол адам баласының күні бойғы қызметінің өту тәртібін біледі. екен. біз бүгін сіздерге мидың құпиялары туралы айтып көрмекпіз.

Жалпы адам миының орташа салмағы 1,4 килограмм шамасында. Адамның дене тұрқына, басқа да жағдайға байланысты біршама көп те, аз да болуы мүмкін. Жалпы адам миының массасы оның денесінің жалпы массасының 1/7 бөлігіндей.  

Минут сайын миға 740-750 миллилитр қан келіп, шығып отырады. Адамның жүйке жүйесінде 10 миллиард нейрон бар. Жүйке жасушаларының бір ғана пайызы өз қызметін атқарып, сырт ортадан алған сезім арқылы бұлшық еттерге әсер етеді. 

Ең ірі жүйке жасушасы ең ұсағынан мың есе үлкен. Ең жұқа жүйке талшығы –көлденеңінен 0,5 микрометр, ал  ал ең қалыңы – 20 микрометр. 

Нейрондардың жартысынан көбі бас миының жарты шарына жинақталған. 

30 жастан бастап әр адамның 30-50 мың жүйке жасушалары күнделікті өліп отырады. 

Жүйке миына 2600000 тармақ кіріп, 140 мың тармақ шығады. Осы шығатын тармақтардың жартысына жуығы көздің әрқилы жұмыстарын басқарады. Қалған жүйкелер ымдау, шайнау, жұту сияқты құбылыстарды, сондай-ақ ішкі органдардың қызметін басқарады. 

Мидың ішкі жағы орналасқан сүйектің салмағы 2600 грамм тартады екен. 70 жылдың ішінде ол 650 грамм эритроцит беретін көрінеді. 

Ж. Жұмағұлов