- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Шар тәрізді найзағай...
Шар тәрізді найзағай туралы не білесіз?
Шар тәрізді найзағай шынында да болып жататын құбылыс, ақиқат екенін жайында бірте-бірте көптеген ақпарат жиналды. Онымен кезіккен әртүрлі адамдар болған оқиға жайында талай-талай хабар таралды.
1975 жылы «Наука и жинзь» жураны СССР ғылым академиясының Жер магнетизмі, ионосфера және радио толқындарының таралуы институтымен бірлесе отырып анкета жариялады, онда домалақ найзағай жайында бірқатар сұрақтар қойылып, бұған осы құбылысты аңғарғандардың жауап беруі сұралды. Редакция өз кезегінде бірнеше мың хат алды. Онда шар тәрізді найзағайды көрген адамдардың найзағайды суреттегені туралы ақпараттар түсті. Ең қызығы бұл хаттардың авторлары – ғылыми қызметкерлер, инженерлер, мұғалімдер, ұшқыштар мен метерологтар.
Табиғаттың бұл ғаламтын көрген адамдардың әңгімесіне қарағанда, шар тәрізді найзағайдың үлкендігі кейде футбол добындай, ал кейде оданда көлемдірек болады. Ол ауада мейлінше баяу қозғалады. Оны ешбір құралсыз-ақ көруге болады. Кейде жарқыраған мұндай шар бір орында мүлде тоқтап тұрғандай болады, ал белгілі бір бөгетке кезіккенде көбінесе әр түрлі жарылыстар тудырып, өзгеріске түседі. Кей жағдайда шар тәрізді найзағай тыср етіп барып, өзінен-өзі жоқ болып кетеді.
Шар жылжып бара жатқанда ауада баяу ғана ысқырық немесе ысылға ұқсас үн естіледі. Шарлардың түсі әр түрлі болатын көрінеді. Оны көргендер: қызыл, көз тартатындай аппақ дейді. Мұның үстіне найзағай тек шар тәрізді болмаса керек, сопақша болып та кездеседі.
Кей деректерге сүйенсек, шар тәрізді найзағайлардың кәдімгі желілі найзағаймен байланысы барын дәлелдейді. Муромдық П.Гришненков мынандай бір оқиығаны аңғарған: диаметрі отыз-қырық сантиметр шар тәрізді найзағай желілі найзағай түскен жерден жоғары ұшып шыққан. Томск университетінің студенті А.Созонов шар тәрізді найзағайдың үшеуі бірдей жарқ-жұрқ етіп бара жатқанын көрген.
Сөз соңында шар тәрізді найзағайдың пайда болуы жөнінде жалпы жұрт қабылдаған ғылыми түсіндірменің әлі жоқ екенін айта кеткен жөн.
М. Ақан