Ең қымбат 10 пошта маркасы

Ең қымбат 10 пошта маркасы
Фото: "Аурум Марки".

1869 жылы 1 қазанда Венада ең бірінші пошта маркасы жарық көрді. Пошта маркасы туралы алдыңғы ақпараттымызда айтқандай оның өзіндік ерекшелігі бар. Қолдану аясы және орны бар. Ең қызығы пошта маркасын жинаумен айналысатын коллекционерлер де бар. Олардың коллекциясында әлемде сирек кездесетін маркалар жиынтығы сақталған. Әлемдегі ең қымбат он пошта маркасымен таныс болыңыз. 
Z-Grill – бұл пошта маркасы 1868 жылы АҚШ-та жарық көрген. 1 центтік Бенджамин Франклиннің суреті бедерленген пошта маркасының әлемде екі-ақ данасы бар. Бірі қазіргі таңда Нью-Йорктің қоғамдық кітапханасында сақтаулы. Ал бірі белгілі ағылшын азаматы, коллекционер Билл Гроссқа тәуелді. Құны 2,97 млн. долларды құрайды. 
Сицилиялық марка (түс қателігі) – атауы да қызық бұл пошта маркасы 1859 жылы өндірілді. Атауы айтып тұрғандай марканың түсінде гаммалық түстің қателігі бар. Бастапқы кезде сары түспен кейін қайта көк түспен өнідірген бұл марканың әлемде екі-ақ данасы бар. Құны – 2,72 млн. доллар. 
Сары үшжақты маркасы – түсі өзгеріске ұшыраған ең қымбат маркалардың бірі. Швед халқының жасыл түсімен көмкерілген марка өзгеріске түсіп сары түспен шыға бастаған. Әлемде 7 данасы бар. Құны – 2,3 млн. доллар. 
Баденттік пошта маркасы – Ұлы герцо Баденге тәні бұл пошта маркасы да сирек кездесетін әлемдегі ең қымбат жәдігерге жатады. Оны құны – 2 млн. доллар. 
Көк Маврикий – Маврикий аралдарында тән бұл поштас маркасы да ең қымбат маркалар қатарына жатады. 1847 жылы жарық көрген. Әлемде 6 данасы сақталған 1993 жылғы бағасы 1,15 млн. доллар болған. Қазіргі таңда бағасы әлдеқайда өскен. Бірақ нақты көрсеткіш жоқ. 
Қызыл ел – ең жас пошта маркасы болып табылатын бұл жәдігер 1968 жылы жарыққа шықты. Сол жылы ғана санаулы данамен шығып 2012 жылы «Қытай қамқоршысы» атты аукцион кезінде 7,3 миллион юанға, долларға шаққанда 1,15 млн-ға сатылған.  
Күлгін Маврикий – Маврикий аралында жарық көрген ең бірінші пошта маркасы. Аталған марканың да түс қателіктері бар. Бірақ соған қарамастан құны 1,07 млн. долларды құрайды. Әлемде 14 данасы бар. 
Төңкерілген Дженни – «Кертис-Дженни» ұшағының теріс бағытта ұшып бара жатқан суреті бедерленген бұл марканың қателігі де осы. Ең алғаш шыққан күннен бастап 24 центке сатылған марканың бүгінгі құны 977 мың долларға тең. 
Британдық Гвиана – 1856 жылы жарық көрген пошта маркасының құнын көтеріп тұрған Э.Уайттың өз қолтаңбасы. Құны бүгінде 935 мың доллар. 
Тифлисс маркасы – Ресейде жарық көрген ең қымбат пошта маркасының бірі. Әлемде 3 данасы ғана сақталған. Құны 763 мың доллар. 

М. Ақан