Гарри Поттер туралы фильмдер қайда түсірілген?

Гарри Поттер туралы фильмдер қайда түсірілген?

Гарри Поттер туралы фильмдер ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің романдары желісі бойынша түсірілген. Фильм экранға жол тартуына голливудтық Warner Bros. компаниясы қолдау білдіреді. Поттер туралы барлық фильм әлемдік прокатта 7,7 миллиард АҚШ долларын жинап, кино өндірісі тарихында ең табысты фильмдер қатарынан табылған.

Басты рөлдерді сомдаған Дэниел Рэдклифф (Гарри Поттер), Эмма Уотсон (Гермиона Грейнджер) және Руперт Гринт (Рон Уизли) сынды жас актерлер фильм сюжетімен бірге өседі. Алғашқы фильм 2001 жылы түсірілсе, соңғысы 2011 жылы әлемдік прокатқа шығарылған.

Роулингтің сиқыршы бала туралы шығармасы әлемнің 74 тіліне аударылып, олардың әрқайсысы 500 миллион данамен жарық көрген. Ал фильмі тағы да миллондаған табыс алып келді. Ендеше көптің назарына іліккен сиқыршылар әлемін шынайы көрсетуге тырысқан режиссер түсірілімді көбіне Ұлыбритания территориясында түсірген. Назарларыңызға бірнеше түсірілім ұсынамыз.

Гленко, Шотландия

Шотландиядағы Гленко орманы Гарри Поттер фильмдерінің көркем пейзажы болған. Бұл аймақта көбіне фильм кейіпкерлерінің Хогвартс айналасында серуендеп жүрген кездері түсірілген. «От Кубогы» фильміндегі Айдаһармен жекпе-жек және квиддич турнирі Гленкодағы Глен Невис тау жоталарында түсірілген. Бұл жерде түсірілім үшін арнайы Рубеус Хагрид үйі салынады. Бұл аймақта басты рөлді Мел Гибсон сомдаған «Батыл жүрек» фильмінің түсірілімі де өткен.

Бауырымен жорғалаушылар үйі, Лондон хайуанаттар бағы, Англия

Лондондағы бауырымен жорғалаушылар үйінде (Reptile House) Гарри алғаш рет жылан тілін түсінетінін байқайды. Егер сіз де рептилиялармен сөйлескіңіз келсе, Лондон хайуанаттар бағына барыңыз.

Дарем ғибадатханасы, Англия

Хогвартс сиқыршылар мектебіндегі көптеген эпизодтар Англияның тарихи мекендерінде түсірілген. Солардың бірі – Дарем ғибадатханасы (Durham Cathedral). Бұл — осыдан мың жыл бұрын дамыған норман сәулет өнерінің туындысы. Гарри өзінің үкісін ұшыратын және екінші фильмдегі Ронның жүрегі айнитын көріністер осы жерде жасалған. Сонымен қатар, анимаг болған профессор Макгонагаллдың сиқыршы балаларға сабақ өтетін эпизодтар осы ғибадатхана қабырғасында түсіріледі.

Алник қамалы, Нортумберленд, Англия

Бірінші фильмдегі мадам Хучтың сыпырғымен ұшу дәрісі Алник қамалында (Alnwick Castle) өткен. Ал қамалдың өзі 700 жыл бұрын салынған. Оның ішкі сәулеті мен салыну стиліне мән берсеңіз, орта ғасырдағы ақсүйектер тұрған қамал екеніне көзіңіз жетеді. Бұл қамалда Робин Гуд туралы фильм түсірілген.

Лиденхолл базары, Лондон, Англия

Гарри Поттер сиқыршылар әлеміне алғаш рет тап болған кезде «Тесік қазан» барында отырғандар оның аман жүргеніне таң қалады.  Аталған бар сахнасы Лондон орталығындағы Bull's Head Passage оптика дүкенінде түсіріледі.

Жалғасы

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Бүгін – футболда ысқырық пайда болған күн
Бүгін – футболда ысқырық пайда болған күн
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Тест. Балмұздақ. Ағылшын